"Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/8-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 14/7-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 сәуірде № 27745 болып тіркелді

      Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/8-VI "Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары:

      әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде анықталсын.".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Е. Нужных

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады