Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 52/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 7558 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/7-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 11/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6245 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 12 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларында:

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) коммуналдық қызметтерге тарифтер туралы ақпараттандырады.

      Көмірдің құнын есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды жүйелеу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тоқсан сайын ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.";

      5 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Мукатаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады