Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.03.2021 № 4/9-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 50/6-VI "Абай ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7410 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелері арттырылсын:
І аймақ – 50 пайызға;
ІІ аймақ – 45 пайызға;
ІІІ аймақ – 40 пайызға.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Белибаев |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |