Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 20.09.2024 № 15/290-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10 %, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 17/319- VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты айқындалсын:
1) облыс, аудан әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:
білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;
мәдениет және спорт ұйымдарындағы бейінді қызметкерлер;
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:
"мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар";
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалармен награтталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен награтталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 01.04.2021 № 4/26-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 17/319-VII шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 01.04.2021 № 4/26-VIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сессия төрағасы, Аягөз аудандық мәслихат хатшысы |
С. Искаков |