Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/413-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 шілдеде № 7333 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 20.09.2024 № 15/290-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10 %, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 17/319- VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты айқындалсын:

      1) облыс, аудан әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:

      білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлер;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;

      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;

      мәдениет және спорт ұйымдарындағы бейінді қызметкерлер;

      2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:

      "мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар";

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалармен награтталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен награтталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 01.04.2021 № 4/26-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 17/319-VII шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 01.04.2021 № 4/26-VIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сессия төрағасы,
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы
С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады