Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/413-VІ "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 4/26-VIІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 8552 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 20.09.2024 № 15/290-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген)  сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 шілдедегі №49/413-VІ "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7333 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 17 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңгеде айқындалсын.";

      2 тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері;";

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Абуталипова
      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы К. Досиханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады