Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі №49/413-VI "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 17/319-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29931 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 20.09.2024 № 15/290-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі №49/413-VI "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7333 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10 %, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:

      "мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар";

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалармен награтталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен награтталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы К. Досиханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады