Аягөз ауданындағы елді-мекендердің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 85 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 52/443-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 7556 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімі мен Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірлескен ұсынысы негізінде:

      Аягөз қаласының шекарасының жалпы ауданы 17 331,5 га;

      Ақтоғай кентінің шекарасының жалпы ауданы 15 980,0 га;

      Майлин ауылдық округі Ескі Майлин ауылының шекарасының жалпы ауданы 1 361,0 га;

      Майлин ауылдық округі Майлин ауылының шекарасының жалпы ауданы 9 090,0 га;

      Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылының шекарасының жалпы ауданы 7 342,0 га;

      Нарын ауылдық округі Ай ауылының шекарасының жалпы ауданы 2 244,4 га;

      Баршатас ауылдық округі Баршатас ауылының шекарасының жалпы ауданы 33 417,06 га;

      Айғыз ауылдық округі Айғыз ауылының шекарасының жалпы ауданы 23 892,0 га;

      Айғыз ауылдық округі Көксала ауылының шекарасының жалпы ауданы 6 756,0 га;

      Өркен ауылдық округі Өркен ауылының шекарасының жалпы ауданы 29 211,0 га;

      Сарыарқа ауылдық округі Сарыарқа ауылының шекарасының жалпы ауданы 8 816,0 га;

      Сарыарқа ауылдық округі Биесимас ауылының шекарасының жалпы ауданы 2 685,0 га;

      Мамырсу ауылдық округі Мамырсу ауылының шекарасының жалпы ауданы 4535,7 га;

      Мамырсу ауылдық округі Бозай ауылының шекарасының жалпы ауданы 6880,3 га;

      Мамырсу ауылдық округі Батпақ ауылының шекарасының жалпы ауданы 1160,09 га;

      Бидайық ауылдық округі Бидайық ауылының шекарасының жалпы ауданы 22 425,0 га;

      Бидайық ауылдық округі Шағырай ауылының шекарасының жалпы ауданы 1599,1 га;

      Ақшәулі ауылдық округі Ақшәулі ауылының шекарасының жалпы ауданы 4 619,22 га;

      Ақшәулі ауылдық округі Қарабұлақ ауылының шекарасының жалпы ауданы 1 228,205 га;

      Қарағаш ауылдық округі Қарағаш ауылының шекарасының жалпы ауданы 6 846,0 га;

      Қарағаш ауылдық округі Қаражал ауылының шекарасының жалпы ауданы 2 215,0 га;

      Ақшатау ауылдық округі Дөненбай ауылының шекарасының жалпы ауданы 21 985,4801 га;

      Ақшатау ауылдық округі Қалғұтты ауылының шекарасының жалпы ауданы 1 669,8 га;

      Ақшатау ауылдық округі Қоңыртау ауылының шекарасының жалпы ауданы 2 588,1 га;

      Ақшатау ауылдық округі Ақкілет ауылының шекарасының жалпы ауданы 2334,09 га болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аягөз ауданының әкімі ___________С. Искаков


Сессия төрағасы
___________Н. Токтабаев

Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы
____________К. Досиханов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады