ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабы 1-1) тармақшасына, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымша бойынша, "Казникель" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Долон ауылдық округінің аумағындағы "Горностаевское" кен орынында пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді жүргізу үшін жалпы көлемі 2625,0 гектар жер телімдеріне қауымдық сервитут 2022 жылғы 26 ақпанға дейінгі мерзіммен орнатылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) оның ресми жариялануынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданының интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.М. Борсукбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауданының әкімі | Ш. Байбеков |
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 22 қаңтары № 17 қаулысына қосымша |
Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі (шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)
№ р/с | Телімнің кадастрлық нөмірі | Жер пайдаланушы | Нысаналы мақсаты | Жалпы көлемі, га | Қауымдық сервитут көлемі, га |
1 | 05-240-028-201 | Байгамытова Тангули Хакимовна | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | 2375,0 | 1246,2 |
2. | 05-240-028-209 | Касенов Амантай Жабайканович | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | 1634,0 | 0,9431 |
3. | 05-240-028-233 | Касенов Амантай Жабайканович | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | 508,0 | 228,1 |
4. | 05-240-028-235 | Кусманов Салтанат Кусманович | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | 2038,0 | 175,4 |
5. | 05-240-028-268 | Кұмарғазы Бекен | Фермер шаруашылығын жүргізу үшін | 520,6 | 0,1156 |
6. | Босалқы жерлер | 974,2413 | |||
Барлығы | 2625,0 |