Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімінің 04.05.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Бесқарағай төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 2 хаттамасына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 23 сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Бесқарағай ауданының әкімі | Ш. Байбеков |