Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.06.2024 № 12/5-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2-3-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8 -VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6172 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға айына 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусы (ИТВ) туындаған ауруы бар балаларға айына 23,518 айлық есептік көрсеткіш.";
3) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 33,400 айлық есептік көрсеткіштер;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 33,400 айлық есептік көрсеткіштер;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына – 23,857 айлық есептік көрсеткіштер;";
4) тармақшаның 8 абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 15,299 айлық есептік көрсеткіш;";
5) және 6) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
"5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр – жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 4,294 айлық есептік көрсеткіш;
6) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз:
кәмелетке толмаған жетім-балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға – 4,771 айлық есептік көрсеткіштер;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға - 4,771 айлық есептік көрсеткіштер;
он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға - 4,771 айлық есептік көрсеткіштер.";
14-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"14. Осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек Глубокое ауданының аумағында орналасқан Денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы бекіткен тізімдер бойынша алушылардан түскен кірістер мен өтініштер есепке алынбай, көрсетіледі.".
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 11-14 абзацтарын және 17 абзацты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия торағасы | Е. Леонтьева |
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |