Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 8/60-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 43/369-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 6762 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/112-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 11.11.2021 № 9/112-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 8/60-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4769 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі 2016 жылы 15 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын оқу жылы аралығында өтелсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Тулеубаева
      Жарма аудандық мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады