Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 44/377-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 6900 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 53/530-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 53/530-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 26, 49 баптарына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiнбелгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-10-148 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі 2018 жылы 9 тамызда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.";

      12 тармағының жаңа редакцияда жазылсын:

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Қенес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары көпбалалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-дағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 23,857 (жиырма үш бүтін мыңнан сегіз жүз елу жеті) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 215,983 (екі жүз он бес бүтін мыңнан тоғыз жүз сексен үш) айлық есептік көрсеткіш;

      Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне); қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметiүшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарімен наградталған адамдарға – 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 22 маусым – 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 15,299 (он бес бүтін мыңнан екі жүз тоқсан тоғыз) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні":

      саяси қуғын-сүргін құрбандары, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар – 4,294 (төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт) айлық есептік көрсеткіш.";

      14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Төлемді ай сайынғы әлеуметтік көмек түберкүлезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жарма ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шар қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бірінші басшысыларымен бекітілген тізім бойынша көрсетіледі.";

      16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 13 тармағына сәйкес мәліметтерді ұсынады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сахметжанова
      Жарма аудандық мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады