Күршім аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 9/16-VI "Күршім аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімін күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 50/13-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 7295 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 9/16-VI "Күршім аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5046 болып тіркелген, 2017 жылғы 06 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 05 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Кудабаева
      Күршім аудандық мәслихат хатшысы Л. Кемешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады