ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 - бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы әкімдік қаулысын Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Шораяковқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | Д. Қажанов |
Күршім ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдесі № 247 қаулысына қосымша |
Күршім ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана ақы төлеу мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Тәрбиеленушілердің саны (адам) | Бір айда тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың мөлшері,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыстың жалпы көлемі, теңге | Бір айға арналған ата-ана төлемақысының мөлшері, теңге | |||
Барлығы | оның ішінде | оның ішінде | |||||
Толық күн болатын | Толық емес күн болатын | Толық күн болатын | Толық емес күн болатын | ||||
1 | Күршім ауылындағы "Болашак" балабақшасы | 140 | 140 | 0 | 32088 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -11000 |
2 | Теректі ауылындағы балабақша | 20 | 20 | 0 | 32088 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -11000 |
3 | Күршім ауылындағы балабақша | 15 | 15 | 0 | 32088 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -11000 |
4 | Қалжыр орта мектебі жанындағы шағын орталық | 75 | 75 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
5 | Қаратоғай орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
6 | Қарой негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
7 | Теректібұлақ орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
8 | Үшбұлақ негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
9 | Құйған орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
10 | Барақ батыр негізігі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
11 | Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия жанындағы шағын орталық | 50 | 50 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
12 | Ақбұлақ негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
13 | Қайыңды негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
14 | Қарашілік негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
15 | Ақсуат негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
16 | Жанаауыл негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |
17 | Ж.Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 34041 | 0 | 3-тен 5 жасқа дейін -5000 |