Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 393 "Үржар ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 186 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 7106 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 393 "Үржар ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-161 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 4 қыркүйегінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Сарбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Токсеитов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
      Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы
      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар ауданы
      бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
      Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________ С. Қыпшақов

      "_____"______2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады