Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 40-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 6531 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы М. Құлшар
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2020 жылғы 9 желтоқсан
№ 40-4 шешіміне қосымша

Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелері

      1. Осы ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Батыс Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге (бұдан әрі - Педагог) көрсетіледі.

      3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет, оқу жылының басында (қыркүйек-қазан) Педагогтың өтінішінің негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған есептік шотына аудару арқылы төленеді.

      4. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды Педагогтың өтініші бойынша білім беру ұйымының басшысының актісімен білім беру ұйымы жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      5. Әлеуметтік қолдау алу үшін Педагог (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келесі құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) еркін нысандағы өтініш.

3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері

      6. Педагогке әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады