Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін объектісі мен қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Дауешов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі | А. Шыныбеков |
Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 1147 қаулысына қосымша |
Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін объектісі мен қоғамдық жұмыстың түрлері
№ | Қоғамдық жұмыстың нысаны | Қоғамдық жұмыстың түрлері |
1 | "Орал қаласының Круглоозерное кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | аумақты тазалау, көркейту |
2 | "Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | аумақты тазалау, көркейту |
3 | "Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты" мелекеттік мекемесі | аумақты тазалау, көркейту |
4 | "Орал қаласының Деркөл кенті әкімінің аппараты" мелекеттік мекемесі | аумақты тазалау, көркейту |
5 | "Батыс су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | аумақты тазалау, көркейту |
6 | "Жайықжылу қуат" акционерлік қоғамы | аумақты тазалау, көркейту |
7 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі | аумақты тазалау, көркейту |