Жаңақала ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 188 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 6724 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жаңақала ауданының сайлау учаскелеріндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.

      3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауданының әкімі Н. Карагойшин

      КЕЛІСІЛДІ:
Жаңақала аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
__________Д.Закарин
"__" ____________2020 ж.

  2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 188 аудан әкiмiнiң шешiмiне
қосымша
  2018 жылғы 30 қарашадағы № 9
аудан әкiмiнiң шешiмiне
қосымша

Жаңақала ауданы аумағындағы сайлау учаскелері

      № 112 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Пятимар ауылы,

      Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Пятимар ауылы, Бисенбі Губашев, Мамен, Мұхтар Әуезов, Қайман Габдуллин, Борисов, Дина Нұрпейісова, Пятимарға 70 жыл, Тәуелсіздікке 10 жыл, Бейбітшілік, Астана, Құрманғазы, Абай көшелері және Бөгет қыстауы.

      № 113 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Аққұс ауылы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Аққұс ауылы, Керей, Атау, Көмек қыстаулары.

      № 114 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Бірлік ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бірлік ауылы, Мұхтар Мирманов, Тәуелсіздік, Дина Нүрпейісова, Қадем Жүсібалиев, Бірлік, Мұстахима Мұсағалиева, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Достық, Астана, Атақоныс көшелері және Жаңаорын қыстауы.

      № 115 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақбалшық ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Ақбалшық ауылы, Тасоңғар, Шөпоңғар, Өзекбай, Пінайл, Ақтан, Қой Саралжын, Кіші Мортық, Шошақмола, Сиыр-Саралжын, Сәңкібай, Дембей, Қоғалы - 1, Сиыркөл - 1, Сиыркөл - 2, Ефим, Қосмырза, Жалтыркөл қыстаулары.

      № 116 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Үшкемпір ауылы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Үшкемпір ауылы, Қожақ, Иманбай Батық, Сапар Батық, Тулақбай, Сейтқызыл, Жолқызыл, Көңішке, Қаразагон, Қоғалы-2, Самен, Тасқұдық, Жыра-1, Жыра-2, Тұрдығұл, Өтеппай, Еділсор, Қоңырқұдық қыстаулары.

      № 117 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жаңажол ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жаңажол ауылы, Бақтығали Кенжеғұлов, Дүйсенбай Суханов, Абай, Айдархан, Ғабдеш Шоқаев, Мектеп, Сұлтанғали Лұқпанов көшелері және Плантация, Қалша, Тоқсоба, Сәуеңке қыстаулары.

      № 118 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Кіші Айдархан ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Кіші Айдархан бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Кіші Айдархан ауылы, Жаңаорын, Батыр, Терең Құдық, Қарасу, Қушығанақ, Фазыл Орны, Оңғар Орны, Теңдік және Жас Тұлпар қыстаулары.

      № 119 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сарыкөл ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Сарыкөл ауылы, Жорта, Сайхы, Нәрік, Мардан, Постройка, Бекбике, Ақмола қыстаулары.

      № 120 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Саралжын ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Саралжын бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Саралжын ауылы, Тоңаша, Шоқа, Қырғын, Балапан, Тасқұдық, Қоңырқұдық, Қақпанқызыл, Қартабай, Жолқызыл, Дүзгінтөбе, Жынғылды, Қияқты қыстаулары.

      № 121 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жаңақазан ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Жаңақазан ауылы, Қадыр, Құрмаш, Шағала, Әли, Нұғыман, Қази, Батау, Қалмақшағыл, Қатия, Қайролла, Айтжан, Әтім, Құспан, Әйіпсай, Жүніс, Молдамұрат,Стан, Үмбет, Теміршаріп, Дөңгелек, Ақсерке, Захар, Жаңаорын, Төлеген, Балдырған, Бұзауой, Үшқұдық, Тленші, Майдан, Терек қыстаулары.

      № 122 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жуалыой ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Жуалыой ауылы, Сарыбай, Қойқұм, Мұқан, Дәулет, Құти, Байкенже, Қабыл, Ешкі, Әбіл, Тілекқабыл, Асабай, Мырзабай, Қабден, Аманғали қыстаулары.

      № 123 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Борық ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Борық бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Борық ауылы, Қожан, Беспай, Қособа, Қошпан, Бесоба, Қадырқұл, Сағатерек қыстаулары.

      № 124 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Плантация ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Плантация бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Плантация ауылы, Қызылоба, Зейнеп, Телятов, Қамыстыкөл, Байтал, Сарысығанақ, Жапақ, Мұхамбет, Қараоба қыстаулары.

      № 125 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Көпжасар ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Көпжасар ауылы, Жаңақұрылыс, Бақ, Жаңылдық Баймұқанова, Көпжасар, Ғабит Бисенгалиев, Бауыржан Момышұлы, Фазыл Баймағанбетов, Қажымолда Қаздаев, Дина Нүрпейісова, Ишанғали Абуғалиев, Амангелді Иманов, Барша Бисекенова көшелері және Үштас, Қайыр, Қазыбай 1, Қазыбай 2, Қаттықұдық, Өгізқұдық, Түйеқұдық, Досан 1, Досан 2, Қосшыңырау 1, Шарап, Бозайғыр, Аққұдық, Қандыкөл, Қонақай, Базарқұдық, Мамен, Кенжебай, Жиекқұм қыстаулары.

      № 126 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Салтанат ауылы, "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Салтанат ауылы, Кіші Салтанат, Қоңырқұдық, Көзбен, Айпара, Інгенөлген, Саздыбөлек, Ащықызыл қыстаулары.

      № 127 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жаңақала ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Жаңақала ауылы Құрманғазы, Желтоқсан, Баймырза Карменов, Сырым Датұлы, Халила Нәжімғалиева, Мәншүк Мәметова, Алма Оразбаева, Ұзақбай Рахматуллин, Кенжебек Мендәлиев, Аян Жантурин, Астана, Ізмұхамед Еділбаев, Ахмет Дауылбаев, Хамит Маданов, Мамен, Әбділхамит Нарымбетов, Есен Орақбаев, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Бақтығали Уәлиев, Габдулла Чуланов, Ғұмар Салықов, Оқап Қабиғожин, Қазақстан, Дінмұхамед Қонаев, Қалимолла Халықов, Қадыр Мырза Әли, Мәңгілік ел, Хиуаз Доспанова, Жаңақоңыс, Әбіш Кекілбайұлы, Ахмет Жұбанов көшелерінің екі бетіндегі үйлер. Халықтар Достығы көшесіндегі №49 үйінен бастап, 1-Мамыр көшесіндегі №19 үйінен бастап, Сәлім Айтқұлов көшесіндегі №22 үйінен бастап батыс жаққа қарай көшенің екі бетіндегі барлық үйлер және Болашақ ықшам ауданындағы үйлер.

      № 128 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жаңақала ауылы, Жаңақала ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Жаңақала аудандық жас туристер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жаңақала ауылы, Махамбет Өтемісов, Бейбітшілік, Сатқали Сапаров, Қали Жантілеуов, Бірлік, Лиза Губашева, Есет Тоқсанов, Мұхтар Мирманов, Қисыққамыс, Колхоз, Көшім көшелерінің екі бетіндегі үйлер, 1- Мамыр көшесіндегі №1,3,5,7,9,11 үйлер, Халықтар Достығы көшесіндегі №1 үйінен бастап №32 үйін қоса, Сәлім Айтқұлов көшесіндегі №2 үйінен бастап №20 үйін қоса көшенің екі бетіндегі үйлер және Орысқопа, Бірқазан, Ақбай, Водозабор қыстаулары.

      № 129 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылоба ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Қызылоба ауылы, Өтемісов, Шәкір Жексенбаев, Абай, Сейтқали Меңдешев, Шәріп Майшин, Құрманғазы, Есен Орақбаев, Хамза Есенжанов, Қайырқұл Мералиев, Бисен Жанекешев, Жұбан Молдағалиев, Исатай Тайманов, Шамшырақ, Байтерек көшелері және Мырзағай 1, Мырзағай 2, Қарамола, Хафиз, Тоқтықұдық, Жантума 1, Жантума 2, Арыстанбек қыстаулары.

      № 130 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жангелді ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Жангелді бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жангелді ауылы, Құлпытас, Бесапан, Сатыморын, Шымқұдық, Талсай-1, Талсай-2, Лагерь, Жаңаорын, Көшіморын, Тама, Құбаш, Бақша қыстаулары.

      № 131 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Айтпай ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Айтпай бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Айтпай ауылы, Бөгет, Құмырзақ, Шетен, Тайпақ, Өркен, Жасқайрат, Мақсот, Боз-Оба, Ибрайым, Малақай қыстаулары.

      № 132 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Мәстексай ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "С.Меңдешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Мәстексай ауылы, Шомбал, Бердібек, Неғмет, Шаекен, Жанке, Өтебай, Саралжын, Ащықұдық, Көккөз-1, Көккөз-2, Көккөз-3, Бостыбай, Жанту, Қоңырқұдық, Қисық қыстақтары.

      № 133 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Мұқыр ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Мұқыр ауылы, Жаңаорын, Шүңкелдек, Бөрдей, Кердері, Қарақоға, Көкмола, Саржан, Байсұлтан, Наз, Қоскөл-1, Қоскөл-2, Қойтоғыт, Жылқыбай, Шанбай, Шаншар, Қармақ-Атан, Құлынбет қыстаулары.

      № 134 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қырқопа ауылы, "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қырқопа ауылы, Ақ Үй, Қызылбас, Ақсай-1, Ақсай-2, Еңбек, Күйген, Жолқұдық, Сарыгөбен, Делгір, Қаразагон, Балғын, Қарабарақ, Байтоқ, Гүрілдеуік, Жетіқұдық қыстақтары.

      № 135 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жаңақала ауылы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жаңақала колледжі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Жаңақала ауылы, Дина Нүрпейісова, Жеңістің 30 жылдығы, Салық Бабажанов, Исатай Тайманов, 8- Наурыз, Жұмағали Сүлекешев, Мәжит Жүнісов, Сейтқали Меңдешев, Ишанғали Меңдіханов, Жұманияз Ілиясов, Тілекқабыл Суханкулов, Атп, Автодор көшелерінің екі бетіндегі үйлер. Сүгірәлі, Құмқұдық қыстаулары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады