Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 361 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 340 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 6519 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теректі аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 361 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3636 тіркелген, 2014 жылы 26 қыркүйекте "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп келесі өзгеріс енгізілсін:

      қөрсетілген қаулысының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына А.Байгазиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теректі ауданының әкімі А. Утегулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Теректі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
________________А. Байгазиев
"20" қараша 2020 жыл

  2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 340 аудан әкімдігінің
қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарының орналастыру орындары

1

Ақжайық ауылы

Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды;
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№2 Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратының алды;
Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
ғимаратының алды

2

Ақжайық санаториясы

"Ақжайық" шипажайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің клуб ғимаратының алды

3

Абай ауылы

"Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

4

Талпын ауылы

"Талпын негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

5

Ақсуат ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

6

Пойма ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пойма бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

7

Магистральный ауылы

"Магистрал жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

8

Әйтиев ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айтиев бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

9

Ақсоғым ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

10

Үлкен Еңбек ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

11

Бозай ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Таран бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

12

Аңқаты ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының алды

13

Қандық ауылы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№2 Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимаратының алды

14

Богдановка ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

15

Придорожный ауылы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимаратының алды

16

Сарсеново ауылы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимаратының алды

17

Алғабас ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алғабас бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

18

Долинное ауылы

Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды

19

Төңкеріс ауылы

Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды

20

Шөптікөл ауылы

Теректі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Шөптікөл негізгі орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

21

Қоныссай ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қонысай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

22

Новопавловка ауылы

"Новопавловка жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

23

Подстепное ауылы

"Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды;
"Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды;
Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды

24

Юбилейное ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

25

Барбастау ауылы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимаратының алды

26

Покатиловка ауылы

Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды

27

Приречное ауылы

"Приречный жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

28

Ұзынкөл ауылы

Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды

29

Федоровка ауылы

"Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды;
Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алды;
"Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Теректі аудандық Достық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Дене шынықтыру-сауықтыру кешені" ғимаратының алды;
"Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды;
Абай және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында;
Абай және Сұңқар көшелерінің қиылысында

30

Тақсай ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Донецк бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

31

Жайық ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жайық негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

32

Қабыл-Төбе ауылы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимаратының алды

33

Шағатай ауылы

Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды

34

Қоғалытүбек ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

35

Қызылжар ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

36

Сарыөмір ауылы

Ауылдық мәдениет үй ғимаратының алды

37

Шалқар ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шалқар бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

38

Дуана ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шайхы Онашев атындағы бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

39

Жаңа Өмір ауылы

"Шаған жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды;
Ауылдық кітапхана ғимаратының алды;
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының алды

40

Бекей ауылы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимаратының алды

41

Кемер ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Социализм негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады