"Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 22127 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бюджеттік өтінім мыналарды:

      1) мемлекеттік органдардың Бюджет кодекстің 65-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеулерді;

      2) мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеулерді;

      3) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;

      4) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;

      5) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамын;

      6) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есепті;

      7) түсіндірме жазбаны;

      8) бюджеттік бағдарламалардың жиынтық тізбесін және базалық шығыстар мен жаңа бастамалар шығыстардың қамтитын ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстардың жиынтық кестесін;

      9) орталық мемлекеттік органдардың, оның ведомстволарының, аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының ағымдағы жылға бекітілген штат кестесін және жоспарлы кезеңге арналған штат кестесінің жобасын; тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олар өзгерген жағдайда оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат кестесін;

      10) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарастыру жөніндегі уәкілетті комиссияның шешімі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына тартылған шетелдік жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары;

      11) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне нысаналы даму трансферттер бөлінген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісілген нысаналы трансферттер бойынша бюджет бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті;

      12) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері, оның ішінде облыстық бюджеттерге бөлінетін және одан әрі ауданның бюджеттеріне бөлуге жататын республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлінген жағдайда, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен келісілген нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті;

      13) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері, оның ішінде облыстық, аудандық бюджеттерге бөлінетін және одан әрі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне бөлуге жататын республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлінген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісілген нысаналы трансферттер бойынша бюджет бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті;

      14) егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынған жағдайда қосымша шығыстарды немесе бюджет түсімдерін қысқартуды талап ететін тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын;

      15) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобаларын әзірлеу орындылығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмысының перспективалық жоспарына сәйкес болуы туралы қорытындыны;

      16) тиісті сараптамалардың қорытындылары бар инвестициялық ұсыныстарды;

      17) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, құрылысқа жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық оң қорытындысын;

      18) жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына берілетін қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімін, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстарын жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын;

      19) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелді) Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау бөлігінде осы жобалардың тізбесінің жобасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы және 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына шығыстарды жоспарлау кезінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырма;

      20) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлаған жағдайда заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттарын;

      21) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржыландыру көздерін (бюджеттік, қарызға алынған, меншікті, және басқа) көрсетумен іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалары туралы ақпаратты;

      22) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, ол бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысын;

      23) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іске асырылған, іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық жобалары бойынша ақпарат;

      24) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізудің орындылығын қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қорытындысын;

      25) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулердің мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық сараптамасының қорытындысын;

      26) мемлекеттік органдардың тақырыптық зерттеулері мен бірлескен зерттеулердің негізділігі мен тиімділігі бойынша салалық мемлекеттік органдардың қорытындылары;

      27) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынып отырған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік кредиттеудің орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын;

      28) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға шығыстарды жоспарлау кезінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы;

      29) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі штат санын ұлғайтуға Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Республика Президенті Әкімшілігінің келісімін растайтын құжатты;

      30) жекелеген мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және мемлекеттік тапсырма мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның оң қорытындылары нысанында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) мемлекеттің әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауға арналған ұсыныстарды;

      31) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде дербес білім беру ұйымдарының қамқорлық кеңестерінің шешімдерін;

      32) осы Қағидаларға 50-3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша форум, семинар және конференциялар өткізуге арналған паспорт;

      33) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпаратты қамтиды.";

      35-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. 03-159 нысаны (47-1-қосымша) үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу үшін шығыстарды есептеуге арналған. Жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңымен белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын ескере отырып, ағымдағы қаржы жылына үй-жайлар мен ғимараттарды жалдау туралы шарттардың көшірмелері ұсынылады.";

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 133, 154, 155, 156, 157, 158, 163, 164, 165, 166, 167, 211, 212, 221, 321, 322, 323, 331, 332, 339, 341, 351, 359, 411, 412, 417, 418, 419, 421, 422, 423, 429, 431, 432, 433, 434, 435, 441, 451, 511, 512, 513, 514, 519, 521, 531, 541, 611, 612, 621, 711, 712, 713, 714, 715, 721 және 722 ерекшеліктері бойынша жоспарланатын шығыстардың түрлері жөніндегі есептеулер еркін нысанда жасалады.";

      осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес 47-1 қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес 50-3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 25 қаңтардағы
№ 46 бұйрығына
1 қосымша
  Бюджеттік өтінімді жасау және
ұсыну қағидаларына
47-1-қосымша
  3-159-нысан

Үй-жайды жалдауға төлеуге арналған шығыстарды есептеу

      Кодтары Жылы __________________________________________

      Деректер түрі (болжам, жоспар, есеп) _______________________

      Функционалдық топ ______________________________________

      Бағдарламалардың әкімшісі ________________________________

      Мемлекеттік мекеме ______________________________________

      Бағдарлама ______________________________________________

      Ерекшелік _______________________________________________

Үй-жайдың атауы

Жалға берілетін алаң

1 айға шаршы метр үшін жалгерлік төлем теңге

Бір айдағы жалгерлік төлем 2-баған х 3-баған теңге

Айлар саны

Шығындар сомасы (4-баған х 5-баған)/1000 мың теңге

1

2

3

4

5

6

Жиыны






      Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/

      мемлекеттік мекеме басшысы ______________________________________________

      (қолы) (аты-жөні)

      Бюджеттік бағдарлама басшысы ______________________________________________

      (қолы) (аты-жөні)

      Бас бухгалтер/қаржы-

      экономикалық бөлімінің бастығы _______________________________________________

      (қолы) (аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 25 қаңтардағы
№ 46 бұйрығына 2 қосымша
  Бюджеттік өтінімді жасау және
ұсыну қағидаларына
50-3-қосымша

Форум, семинар және конференциялар өткізу паспорты

Атауы


1.

Мемлекеттік орган/ мемлекеттік кәсіпорын


2.

Форумдар/семинарлар/конференциялар атауы


3.

Форумдар/семинарлар/ конференциялар өткізуіне арналған шығыстар, мың теңге



Бағдарламалар



Кіші бағдарламалар


4.

Стратегиялық мақсат (Стратегиялық жоспарға сәйкес)


5.

Форумдардың/семинарлардың/конференциялардың мақсаты


6.

Қорытынды көрсеткіштер


7.

Практикалық маңыздылығы


      Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/

      мемлекеттік мекеме басшысы _______________________________________________

      (қолы) (аты-жөні)

      Бюджеттік бағдарлама басшысы _____________________________________________

      (қолы) (аты-жөні)

      Бас бухгалтер/қаржы-

      экономикалық бөлімінің бастығы ____________________________________________

      (қолы) (аты-жөні)

      Ескертпе:

      Паспорт әрбір форумға, семинарға, конференцияға жеке жасалады.

      Семинар — оқушылар (студенттер, стажерлар) оқытушының жетекшілігімен оқу немесе ғылыми зерттеулердің нәтежелері бойынша орындаған хабарламаларды, баяндамалар мен рефераттарды талқылайтын практикалық оқу сабақтарының бір түрі;

      Форум — жаһандық проблемаларды жеткілікті дәрежеде белгілеу немесе шешу үшін өткізілетін іс-шара. Бұл ұғым саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни, экологиялық және қазіргі қоғам өмірінің басқа да көптеген салаларында кездеседі;

      Конференция — қандайда бір мәселелерді талқылау және шешу үшін қандайда бір мемлекеттер, партия, қоғамдық, ғылыми және тағы басқа ұйымдар өкілдерінің жиналысы. Әлем жақтастарының халықаралық конференциясы. Партия конференциясы. Мұғалімдер концеренциясы;

      Жұмыстың практикалық маңыздылығы іс жүзінде міндеттерді шешу үшін нәтежелерді қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады