Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 22132 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын өлшемшарттарды белгілеу туралы";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) базалық активі:";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағында айқындалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер ұйымдастырылмаған нарықта мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне (бұдан әрі – № 170 нормативтер) 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде мынадай жағдайлардың бірін сақталған кезде жасалады:";

      3-1-тармақта:

      бірінші абзацтың редакциясы қазақ тілінде өзгермейді;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында Қазақстан Республикасы бейрезидент-заңды тұлғаларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19260 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы" 2019 жылғы 19 тамыздағы № 131 қаулысына 1-қосымшада көрсетілген халықаралық қор биржаларында айналыстағы акцияларымен (жарғылық капиталға қатысу үлестерімен) мәмілелер жасау;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ бас банк пен ұлттық басқарушы холдинг арасындағы еншілес банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру жөніндегі мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер өз мүддесі үшін және өз есебінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықта мәмілелер жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында және осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген қаржы құралдарынан басқа өзге де қаржы құралдарымен (бұдан әрі – өзге де қаржы құралдары) мәмілелерді екінші деңгейдегі банк Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес брокерлік қызмет шеңберінде осындай мәмілелерді жасау ниеті туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) хабарлама берген күні мына өлшемшарттарды сақтаған жағдайда жасасады:

      1) екінші деңгейдегі банкте уәкілетті органның брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болса;

      2) банктің ағымдағы өтімділік коэффициентінің k4 мәні кем дегенде 1 болса.

      Екінші деңгейдегі банк клиенттердің есебінен және олардың мүддесі үшін өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға ниетті болған кезде екінші деңгейдегі банк осы қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органды көрсетілген өлшемшарттардың сақталуы туралы ақпаратты көрсете отырып осындай ниеті туралы хабардар етеді.

      Екінші деңгейдегі банк көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуді анықтаған жағдайда осындай сәйкес келмеу фактісі туралы уәкілетті органды тез арада хабардар етеді және аталған сәйкес келмеу анықталған күннен бастап өзге де қаржы құралдарын сатып алу бойынша брокерлік қызмет шеңберінде жаңа мәмілелер жасаспайды.";

      1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 25 қаңтардағы
№ 3 Қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 16 шілдедегі
№ 210 қаулысына
1-қосымша

Есеп айырысу көрсеткіштерінің (индекстердің) тізбесі

      1. САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);

      2. DAX (Deutscher Aktienindex);

      3. DJIA (Dow Jones Industrial Average);

      4. EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index);

      5. FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);

      6. HSI (Hang Seng Index);

      7. KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index);

      8. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index);

      9. MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index);

      10. NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index);

      11. RTSI (Russian Trade System Index);

      12. S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);

      13. TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index);

      14. NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады