"Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 5 ақпандағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 ақпанда № 22183 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16948 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы оператор (бұдан әрі – Оператор):

      Кодекстің 131-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ көмірсутектерді барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің сатып алуы бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асырады;

      Кодекстің 179-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің сатып алуы бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асырады.

      Оператор мониторинг нәтижелерін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 25 (жиырма бесінші) ақпаннан кешіктірмей құзыретті органға ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелердің бұзылуы туралы хабарламаларды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыларға есепті жылдан кейінгі 1 (бірінші) қыркүйектен кешіктірмей жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а
А. Магауов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады