"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери құралымдарын, бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 10 ақпандағы № 13/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 ақпанда № 22204 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69 бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери құралымдарын, бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12274 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Шекара академиясын, Авиация қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (одан әрі – ҰҚК) Шекара қызметін, Шекара академиясын, Авиация қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери құрылымдарын, бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларында:

      норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Шекара академиясын, Авиация қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормалары";

      "Казармалар мен жатақханалар" деген № 1 нормада:

      1-бөлімнің 1) кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сарбаздар, матростар, Шекара академиясының 1-2-курс курсанттары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер) үшін";

      1-бөлімнің 2) кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери қызметін кілісімшарт бойынша өткеріп жатқан әскери қызметшілер, Шекара академиясының курсанттары және келесі курстары, әскери қызметші әйелдер үшін";

      6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шекара қызметі топтарының, бөлімшесінің және басқа бөлімшелерінің (шекара бөлімдері, шекара бөлімшелері, шекаралық бақылау бөлімдері, шекаралық бақылау бөлімшелері, шекара топтары, техникалық бақылау топтары, бақылау-өткізу пункттері, арнайы мақсаттағы мобильдік іс-қимылдар бөлімшесі) бөлмесі (кеңсе).";

      7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Топ бастықтары мен бөлімшелер бастықтарының бөлмесі";

      11-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Топтың, бөлімшенің (бөлімшелердің) мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қойма";

      № 1 нормаға ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жас буынды қабылдау үшін ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволарына, аумақтық бөлімшелеріне (оның ішінде құрылымдық бөлімшелері: дивизиондары, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)), бағынышты ұйымдары, ҰҚК Авиация қызметінің бөлімшелеріне, ҰҚК Шекара академиясына жабдықталым органдарымен келісіммен нормалар бойынша тиесіліден артық казармалық жиһаздың (кереуеттер, тумбочкалар, табуреттер) қорын ұстауға рұқсат етіледі (қолда бар мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің штат санынан 50%-ға дейінгі мөлшерде).

      * - жабдықтау нормаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жиһаз - кереуеттер, үстелдер, орындықтар, тумбалар, әртүрлі шкафтар, әртүрлі ілгіштер, креслолар, сөрелер, тумбочкалар;

      2) казармалық мүкәммал - қаруды сақтауға арналған пирамидалар, пистолеттерді сақтауға арналған шкафтар, қаруды тазартуға арналған үстелдер, қырынуға арналған сөрелер, тасымалданатын қолжуғыштар, айналар, сейфтер, металл шкафтар мен шкатулкалар, әртүрлі тұғырлар.

      ** - жеке армиялық шкаф орнатуға жол беріледі.

      *** - тұрмыстық кереует орнатуға рұқсат етіледі;

      **** - жартылай жұмсақ орындық орнатуға рұқсат етіледі;

      ***** - орындықтар шынтақ сүйеніштерімен жабдықталады;

      "****** - топтың, бөлімшенің басқармасына;

      "******* - топ, бөлімше басқармасы мен оған тең бөлімше үшін қосымша 1 жәшік;

      ******** - саны қажеттілік бойынша айқындалады;

      ********* - шкаф екі нұсқада жасалады: 1-тип, 2-тип. 1-тип (төсек-орын мен іш киім сақтауға арналған). Мүлік сақтауға арналған шкаф. 2-тип (сыртқы киім мен бас киімді сақтауға арналған). ";

      "Штабтық және әскери әкімшілік-қызметтік үй-жайлар" деген № 2 нормада:

      1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағынышты мекемелердің (қызметтік кинология басқармасы, техника және қару жөндеу басқармасы) және құрылымдық бөлімшелер (инженерлік-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері, арнайы мақсаттағы мобильдік іс-қимыл бөлімдері және өзге де бөлімшелер) бастықтарының, әскери полиция және әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бастықтарының бөлмесі.";

      2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бағынышты мекемелердің (қызметтік кинология басқармасы, техника және қару жөндеу басқармасы) және құрылымдық бөлімшелер (инженерлік-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері, арнайы мақсаттағы мобильдік іс-қимыл бөлімдері және өзге де бөлімшелер) бастықтары орынбасарларының, әскери полиция және әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бастықтары орынбасарларының бөлмесі.";

      9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шекара қызметі директорының және оның орынбасарларының, қызметт депаратаменттері және аумақтық бөлімшелері бастықтарының, Шекара академиясы бастығының, Авиация қызметі директорының және оның орынбасарларының қызметтік кабинеті.";

      10-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қызметтің департамент және аумақтық бөлімшелерінің бастықтары орынбасарларының, Шекара академиясы бастығы орынбасарларының қызметтік кабинеті.";

      11-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аумақтық бөлімшелер (әскери басқарудың жедел-тактикалық органдары болып табылатын дербес басқармалар), ведомстволық бағынышты ұйымдар (арнайы мақсаттағы басқарма) және құрылымдық бөлімшелер (шекаралық бақылау бөлімдері, жағалау күзетінің дивизиондары) бастықтарының, авиация басқармалары және дербес авиация бөлімдері бастықтарының қызметтік кабинеті.";

      12-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шекара қызметі Директорының және оның орынбасарларының, қызмет департаменттері бастықтарының, аумақтық бөлімшелер бастықтары мен орынбасарларының, Шекара академиясы бастығының және орынбасарларының, Авиация қызметі директорының және оның орынбасарларының, әскери полиция және әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бастықтарының демалыс бөлмесі.";

      24-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Аумақтық бөлімшесі (оның ішінде құрылымдық бөлімшелер: дивизиондар, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)) және ведомстволық бағынышты ұйым бойынша кезекшісінің (жедел кезекшісінің) бөлмесі.";

      25-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Аумақтық бөлімше (оның ішінде құрылымдық бөлімшелер: дивизиондар, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)) және ведомстволық бағынышты ұйым бойынша кезекшісінің (жедел кезекшісінің) демалыс бөлмесі.";

      "Әскери оқу орындары" деген № 4 нормада:

      норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 4 норма Шекара академиясы.";

      "Әскери бөлімдердің оқу орталықтары, оқу корпустары мен сыныптары" деген № 6 нормада:

      норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 6 норма. Аумақтық бөлімшелердің (оның ішінде құрылымдық бөлімшелер: двизиондар, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)) және ведомстволық бағынышты ұйымдардың оқу орталықтары, оқу корпустары мен сыныптары.";

      "Мәдени-бос уақыт орталықтары" деген № 7 нормада:

      3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аумақтық бөлімшелердің (оның ішінде құрылымдық бөлімшелер: двизиондар, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)) және ведомстволық бағынышты ұйымдардың музейі*******";

      "Гауптвахталар" дегне № 9 нормада:

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

27.

Топтың, бөлімшенің мүлік сақтауға арналған шкаф *****

1 бөлмеге

3

8

  ";

      "Бақылау-өткізу пункттері" деген № 10 нормада:

      1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кезекші ауысымның бөлмесі";

      2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кезекші ауысымның демалыс бөлмесі";

      6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Рұқсаттамалар бюросының бөлмесі";

      "Әскери бөлімдердің спорт залдары" деген № 11 нормада:

      норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 11 норма. Аумақтық бөлімшелердің (оның ішінде құрылымдық бөлімшелер: двизиондар, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)) және ведомстволық бағынышты ұйымдардың спорт залдары";

      "Азық-түлік қызметі объектілері" деген № 12 нормада:

      норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 12 норма. Азық-түлікпен қамтамасыз ету объектілері".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министірлігі

      ___________________________

      20___ жылғы "____" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады