"Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 22208 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және осы нарықта қызмет көрсету тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығының жұмыс iстеу тәртібі";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Энергия берушi ұйымдардың электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шығысының шамасын анықтау "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйымдардың өздерінің желiлерi мен басқа да энергия беруші ұйымдардың желiлерiндегi электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және тұтынушыларға беру үшiн пайдаланылатын электр энергиясының нормативтiк техникалық ысыраптарын өтеуге байланысты шығындары энергия беруші ұйымдардың тарифiнде есепке алынады және оны энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Табиғи монополиялар туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен төлейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады