"Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22267 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9487 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысанында:

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Кастодиан Басқарушының немесе Компанияның, олар Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған тарапқа, төлеу күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      28. Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасында және 9-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда, Компания және (немесе) Басқарушы Кастодианға Компания мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес, төлеу күнін қоса алғанда, әрбір мерзімі өткен күніне төленбеген сомаға есептелетін төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

      29. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау, дұрыс орындамау немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде осы тарапқа немесе тараптарға зиянды өтеуге және әр тараптың зиян сомасына жеке есептелетін төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысанында:

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кастодиан Компанияның Шарттың талаптарына сәйкес жіберілген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан төлеу күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      18. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе уақтылы орындамауы нәтижесінде басқа тарапқа зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде сол тарапқа зиянды өтеуге және төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде зиян сомасына есептелетін тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады