Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 45 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 наурызда № 22290 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 87 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.08.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 1 наурыздағы
№ 45 Қаулымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға не көрсетілген рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) беруден бас тарту тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 72-1-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарды орындау кезінде рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.

      Рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтінішхат) мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының қызметті тоқтату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын филиалына беру туралы шарттың көшірмелері;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтатуға дайындық мерзімдері мен кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары).

      3. Өтінішке қоса берілген Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар қағаз тасымалдағышта беріледі. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шет тілде берілетін құжаттары қазақ және орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылған түрде уәкілетті органға беріледі. Қаржылық қадағалау органы, шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостильдеуге жатады.

      Өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарайды.

      4. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган оларды алған күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      5. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген кезде уәкілетті орган оларды қарайды және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган тазартылған, қосып жазған жерлері не сызылған сөздері бар Қағидаларда көзделген құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      6. Ұсынылған құжаттар заңның 72-1-бабының және Қағидалардың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге оларды жою және Заңның және Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулері бар хат жібереді.

      7. Уәкілетті органның рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешімімен қоса хабарламаны уәкілетті орган өтініш берушіге шешім қабылданған күннен кейінгі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (Заңның 67-бабының 3-тармағында белгіленген мерзім шегінде) жібереді.

      8. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешімі өтініш беруші оны алған күннен бастап күшіне енеді.

      9. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тарту Заңның 68-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      10. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялардың бұрын берілген түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      11. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға берілген рұқсаттар тізілімін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тарту бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      12. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тарту бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті органның басшысына немесе сотқа жіберіледі.

      13. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда:

      1) тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (ол бар болса), почталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлға үшін).

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының қызметін ерiктi
түрде тоқтатуға рұқсат беру не
көрсетілген рұқсатты беруден
бас тарту қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ _______________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы)

      ________________________

      (өткiзiлетiн орны)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тиісті басқару органының _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруді сұрайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (филиал тарапынан орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда) кредиторлардың талаптарын толығымен қанағаттандыруға міндеттенеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамы өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Қоса берілген құжаттар:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамының не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамының қолы, күні)

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының қызметін ерiктi
түрдетоқтатуға рұқсат беру не
көрсетілген рұқсатты беруден
бас тарту қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының қызметін ерiктi түрде тоқтатуға берілген рұқсаттар тізілімі

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шешімінің күні және нөмірі

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат күні және нөмірі

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды тіркеу туралы ақпарат

1

2

3

4

5







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады