"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тағайындау кезінде әскери қызметшілерге қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 3 наурыздағы № 106 бұйрығымен бекітілген |
Тағайындау кезінде әскери қызметшілерге қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесі
1. Әәскери бөлімше командирінің (техника және қарау-жарақ жөніндегі) орынбасары.
2. Қару-жарақ қызметінің бастығы.
3. Қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы мүліктер бөлінісінің бастығы (қойма бастығы).
________________________________