"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүккәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 21/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 наурызда № 22345 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүккәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11813 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірінде № 65 (28191) "Казахстанская правда" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларында:

      "Ғимараттар және құрылыстар" деген 19-бөлімде:

      реттік нөмірі 313-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

313

Жылыту су ысыту қазандығы (қатты-отынды, сұйық-отынды, газды-мазутты және электрлі)

Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара бөлімшесі әскери қалашығының (топтың, шекаралық бақылау бөлімшесінің) ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне

дана

2

10

Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара бөлімі әскери қалашығының (шекаралық бақылау бөлімі) ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне

дана

3

10

Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған аумақтық бөлімшелері (оның ішінде құрылыстық бөлімшелер:дивизиондары, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)) ведомстволық бағынышты ұйымдары әскери қалашығының ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне

дана

6

10

  ";

      реттік нөмірі 329-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

329

Бетонды араластырғыш

Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне (оның ішінде құрылымдық бөлімшелер:дивизиондары, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелері)) ведомстволық бағынышты ұйымына

дана

1

10

  ";

      реттік нөмірі 330-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

330

Поливинилхлорид құбырының әртүрлі саптамасына арналған электрлі дәнекерлеуіш

Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне (соның ішінде құрылымдық бөлімшелер:дивизиондары, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелері)), ведомстволық бағынышты ұйымына

дана

1

7

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағаның бірінші орынбасары
С. Әбіш

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      __________________________

      2021 жылғы "____" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады