"Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетті атқарушы 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 наурызда № 22352 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15514 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 169 (28548), "Егемен Қазақстан" газетінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 169 (29150) жарияланған) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Балаларды есепке алу бойынша мәліметтерді қалыптастыру деректері:

      1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы ББАЖ деректері;

      2) мектеп жасындағы балалар туралы ББАЖ деректері;

      3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы ББАЖ деректері;

      4) мемлекеттік емес ұйымдарда тәрбиеленіп және білім алып жатқан балалар туралы ББАЖ деректері;

      5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының 0-18 жастағы балалар туралы мәліметі;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің 0-18 жастағы қандастар балалары туралы мәліметі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастырады және ББАЖ мәліметтері негізінде:

      1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы мәліметтер;

      2) оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалар туралы мәліметті қоса алғанда мектеп жасындағы балалар туралы мәліметтер;

      3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы мәліметтер;

      4) мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан және білім алушылар туралы мәліметтер;

      5) оқытуға жатпайтын балалар туралы мәліметтер;

      6) қандастардың балалар туралы мәліметтер;

      7) шетелдік және азаматтығы жоқ (иммигранттар) балалар туралы мәліметтер;

      8) оқумен қамтылмаған балалар туралы мәліметтер;

      9) жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспайтын балалар туралы мәліметтері бар облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тұратын баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметімен келісіледі және әр айдың 10-на қарай ББАЖ-да орналастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады