"Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 наурызда № 22353 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16795 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметі қағидаларында, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарда:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз активтер деп мыналар түсініледі:

      1) барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар, сондай-ақ олар бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшері өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасының 5 (бес) және одан да көп пайызы деңгейінде қалыптастырылған шартты міндеттемелер;

      2) мүлік, оның ішінде жылжымайтын мүлік және (немесе) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығы;

      3) борышкерге қатысты жүргізілетін оңалту рәсімдері немесе банкроттық рәсімдері шеңберінде күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі ретінде бас банк қабылдаған мүлік.

      3. Еншілес ұйым Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінен басқа, күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту мақсатында мынадай қызмет түрлерін:

      1) күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі ретінде бас банктің меншігіне өткен, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алуды;

      2) меншікті мүлікті, сондай-ақ:

      кепіл немесе өзге қамтамасыз ету ретіндегі мүлікті өндіріп алу нәтижесінде меншікке өткен мүлікті;

      бас банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде және (немесе) күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған мүлікті;

      Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мүлікті;

      күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту шеңберінде жаңадан құрылған және оның меншігіне қабылданған мүлікті жалға тапсыруды, қаржы лизингіне, сенімгерлік басқаруға беруді немесе ақылы уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануды;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғалар құруды, оның ішінде акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алуды, сондай-ақ заңды тұлғалардың осындай акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізуді және басқаруды;

      4) меншікті мүлікті, сондай-ақ Банктер туралы заңның 11-2-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) жүзеге асыру нәтижесінде сатып алынған немесе алынған мүлікті өткізуді;

      5) Іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша қарыз беруді;

      6) "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру бойынша мәмілелер жүргізуді;

      7) үшінші тұлғалардан жер учаскелерін және (немесе) құрылысы аяқталмаған объектілерді, ұйымдардың құрылысы аяқталмаған объектілерді салуға және құрылысын аяқтауға және (немесе) құрылысы аяқталмаған объектілерді пайдалануға беруге байланысты көрсетілетін қызметтерін, оның ішінде жобалау және мердігерлік ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;

      8) кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен үздіксіз байланысты жылжымалы мүліктің сауда-саттығына (аукционына) қатысуды және сатып алуды;

      9) берешекті өтеу нәтижесінде алынған уақытша бос ақшаны жарғылық капиталға, бағалы қағаздарға салым ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру;

      10) бас банк берген үмітсіз және күмәнді талап ету құқықтары бойынша кепіл шарттары бойынша, сондай-ақ еншілес ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруы барысында дербес жасаған кепіл шарттары бойынша кепіл ұстаушының құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді;

      11) Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің, басқа қаржы ұйымдарының, бағалаушылардың, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және құнын қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;

      12) Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында және осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың акциялары бойынша дивидендтер және (немесе) еншілес ұйымның жарғылық капиталға қатысу үлесіне сәйкес келетін кірісті алуды;

      13) Іс-шаралар жоспарында көзделген күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту мақсатында еншілес ұйым сатып алған мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (лицензияланатын қызмет түрлерін қоса алғанда) өндіруді және өткізуді;

      14) заңды тұлғаларға, оның ішінде бас банкке күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға және басқаруға байланысты қызметтерді (агенттік, риэлторлық, консультациялық, заңдық, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларда мүдделерді білдіру бойынша) ақылы негізде көрсетуді;

      15) өз қажеттілігі үшін үшінші тұлғалардан мүлікті және (немесе) талап ету құқықтарын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) меншігіне немесе уақытша пайдалануға сатып алуды;

      16) күмәнді және үмітсіз активтер бойынша кепілге салынған мүлікті:

      бас банк жүргізетін соттан тыс сауда-саттықтарға (аукционға);

      борышкердің кепілге салынған мүлікті дербес өткізу рәсімдеріне;

      банкроттық рәсімдері, оңалту рәсімдері немесе атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүргізілетін электрондық аукционға қатысу арқылы сатып алуды;

      17) инвесторлармен бірлесіп консорциум құру (бірлескен қызмет туралы шарт) және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысу арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруды;

      18) егер еншілес ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді жақсарту шаралары Іс-шаралар жоспарын және бизнес-жоспарды іске асыруға әкелмеген жағдайда үмітсіз қарыздарды еншілес ұйымның балансынан есептен шығаруды жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еншілес ұйым сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар:

      1) Қағидалардың 2-тармағына және 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес анықталған, олар бойынша Іс-шаралар жоспарында еншілес ұйымның қызмет мерзімі ішінде оларды басқару және өткізу нәтижесінде кіріс алуы болжанған күмәнді және үмітсіз активтер объектілер болып табылады;

      2) күмәнді және үмітсіз активті жақсартуды көздейтін, оның ішінде құрылысты аяқтау немесе күмәнді және үмітсіз актив құнын ұлғайтуға, сондай-ақ борышкерді оңалтуға бағытталған жұмыстарды және (немесе) іс-шараларды өткізу арқылы мыналарды қамтитын еншілес ұйымның уәкілетті органы (бақылау кеңесі немесе атқарушы органы) мақұлдаған бизнес-жоспары бар:

      берешектің бір бөлігін есептен шығару бойынша кредиторлар тарапынан қолдау жасау шаралары, төлемді өтеудің кестесін және кезеңділігін өзгерту, қаржыландыру мерзімдерін ұлғайту, негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңін ұлғайту, инвестициялық фазаны аяқтау мақсатында жобаны қосымша қаржыландыру, сондай-ақ қарызды қайта қаржыландырудың басқа да тәсілдері;

      акционерлік қоғамның жарғылық капиталын (капиталға қатысу үлестерін) ұлғайту бөлігінде борышкердің меншік иелері тарапынан болатын қолдау шаралары, борышкердің таза пайдасын кредиторлар алдындағы қарыз толық өтелгенге дейін борышкердің меншік иелері арасында бөлмеу, борышкердің бизнес-процестерін оңтайландыру;

      стратегиялық инвестор тарапынан борышкер борышының бір бөлігін капиталға конвертациялау, айналым капиталын және (немесе) ең төменгі инвестициялық капиталды ұсыну бөлігінде қолдау шаралары;

      3) аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша құрылыс бойынша шығыстар болжамы және құрылыс аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік объектілерінің құнына жасалған талдау бар;

      4) берілген (берілетін) талап ету құқықтары бойынша бас банк төменде аталған кредиттік тәуекелді төмендетудің кем дегенде екі шартын орындады (орындауда):

      борышкерге берілген кредиттің жалпы мерзімін ұзарту, сондай-ақ берілген кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;

      сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде бұрын есептелген немесе капиталдандырылған, бірақ төленбеген сыйақыға қатысты төмендету;

      бас банктің есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығаруды жүзеге асыруы.

      Бас банктен 2021 жылғы 1 наурызға дейін сатып алынған, басқару 2026 жылғы 1 наурызға дейін жүзеге асырылатын күмәнді және үмітсіз активтерді қоспағанда, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйым басқаратын мерзім оларды бас банктен сатып алған күннен бастап 5 (бес) жылдан аспайды.

      Қағидалардың 3-тармағының 18) тармақшасына сәйкес еншілес ұйымның балансынан есептен шығарылған күмәнді және үмітсіз активтерді қоспағанда, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйым бас банкке қайтаруды осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады