"Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 44/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 95/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 наурызда № 22401 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 44/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16857 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі;

      3) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "электрондық үкімет" инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;

      4) жедел резервтеу – қосымша бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану және оларды белсенді режимде ұстау және (немесе) нақты уақыт режимінде (немесе 1 сағатқа кідірумен нақты уақытқа жақын) өзгерістерді беруді және ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      6) резервтік көшірме – деректер базасын қалпына келтіруге және қажет болған кезде қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жоғалтқан, бүлдірген, бұзған немесе заңсыз өзгерткен және алып тастаған жағдайда оның бастапқы түрінде қалпына келтіруге арналған деректер базасының көшірмесін және қажет болған кезде электрондық жеткізгіштегі қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жасаудың сәтті аяқталған процесінің нәтижесі;

      7) ұзақ мерзімді сақтау – электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін екі жылдан артық сақтау мерзімімен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына бір реттік беру;

      8) іске қосусыз резервтеу – деректерді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында операциялық жүйенің құралдарымен жұмыс істеп тұрған немесе сөндірілген электрондық ақпараттық ресурстан резервтік көшірме жасау;

      9) электрондық ақпараттық ресурстар (бұдан әрі – ЭАР) – электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық тасымалдауышта, интернет-ресурста және (немесе) ақпараттық жүйеде қамтылған ақпарат;

      10) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасы (бұдан әрі – БҰРП) – сақтау үшін және қажет болған жағдайда деректерді қалпына келтіру мақсатында электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін сақтауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      11) ІP VPN – функционалдық мүмкіндіктер мен сервистерді қорғауды қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылатын TCP/ІP хаттамасы бойынша клиент объектілері арасындағы деректер беруді ұйымдастыру үшін, байланыс провайдерінің желілік инфрақұрылымы негізінде құрылған деректер берудің виртуалды жеке желісі".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады