"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22421 болып тіркелді

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық әуе кемесі оның меншік иесінің (иеленушінің) немесе оны пайдаланушының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тек қана мынадай шартпен тіркеледі, егер:

      1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген болса;

      2) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылса;

      3) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған әуе кемесін қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылмаса;

      4) әуе кемесі типінің сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берсе немесе жарамды деп таныса;

      5) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) жиырма бес жылдан аспаса;

      6) жүктерді тасымалдауға арналған, ұшу циклдарының саны бойынша және сағат бойынша есептелетін әуе кемесінің белгіленген зауыт ресурсының үштен екісінен аспайтын ресурсы (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен);

      7) жерүсті және спутниктік арналар арқылы жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен орналасқан жері туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдықтың болуы.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына (бұдан әрі – ұшуға жарамдылық нормалары) және ұшу жарамдылығын айқындайтын дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Азаматтық әуе кемесінің ісі, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген іс оны пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде уәкілетті ұйымда сақталады және ол мемлекеттік тізілімнен шығарылғаннан кейін бір жылдан соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларына сәйкес мұрағатқа тапсырылады.

      Азаматтық әуе кемесінің ісінен қандай да бір құжаттарды немесе олардың бөліктерін жоюға немесе алуға жол берілмейді.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік тізілімге және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізуді уәкілетті ұйым:

      1) азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (иеленушісі);

      2) азаматтық әуе кемесін пайдаланушысы;

      3) азаматтық әуе кемесінің қайта жабдықталуына байланысты оның мақсаты;

      4) оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өтініш беруші өтініш жасаған кезде Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өзгерген жағдайларда портал арқылы жүзеге асырады.

      24. Азаматтық әуе кемесінің меншік иесінің, пайдаланушысының, әуе кемесінің мақсатының өзгеруіне байланысты, ол қайта жабдықталғаннан немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімінен кейін өтініш беруші Стандартта көзделген тізбе бойынша құжаттарды портал арқылы уәкілетті ұйымға ұсынады.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ұсынылған құжаттарды қараудың оң нәтижелері кезінде өтініш беруші қажетті құжаттарды берген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізуді және өтініш берушіге азаматтық әуе кемесінің тіркелген күні туралы белгіні толтыра отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілгеннен кейін бұрын берілген Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік күшін жояды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, уәкілетті ұйым техникалық іркілістердің туындағанын анықтаған сәттен бастап бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат ұсыныла отырып, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі, авторландыру сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, дереу хабардар етеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Азаматтық әуе кемесі:

      1) әуе кемесі есептен шығарылған немесе пайдаланудан алып тасталған;

      2) әуе кемесі шет мемлекетке, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға сатылған немесе берілген;

      3) азаматтық әуе кемесін Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерінің тізілімінде немесе шет мемлекеттердің тізілімінде тіркелген;

      4) мүліктің ауыртпалығы болған жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік пайдалану мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, бір жылдан астам ұшуға жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;

      5) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;

      6) қайтарылмайтын өкілеттікті атқарған жағдайларда Мемлекеттік тізілімнен шығарылады.

      Кепілдегі әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару кепіл ұстаушының келісімімен жүзеге асырылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәлік береді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Уәкілетті ұйым кепіл туралы шарттарды және (немесе) оларға қосымша келісімдерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.

      Тіркеу үшін әуе кемесінің кепіл берушісі немесе кепіл ұстаушысы өтініштен басқа мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) әрбір салық салу обьектісі үшін азаматтық әуе кемесінің кепілі және ипотеканы тіркегені үшін алым төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) азаматтық әуе кемесінің кепілі немесе ипотекасы туралы шарттың және оған қосымша келісімнің 3 данада көшірмесі;

      3) құрылтайшылық құжаттың көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Ең жоғары ұшу массасы 1,5 кг-дан асатын ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалған, ең жоғары ұшу массасы 0,25 кг-дан асатын "ерекше" санатында операцияларды орындайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары есепке алуға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:

      "57-1. Есепке қою кезінде уәкілетті ұйым пилотсыз ұшу аппаратына борттық нөмірді береді.

      Берілген борттық нөмір жеті белгіден тұрады және судың әсері кезінде нөмірдің сақталуы мен оқылуын қамтамасыз ететін тәсілмен пилотсыз ұшу аппаратына кемінде 5 мм қаріппен жазылады.

      Ең жоғары ұшу массасы 250 кг-дан 1,5 кг-ға дейінгі "ерекше" санатындағы операцияларды орындайтын пилотсыз ұшу аппараттарына таңбалау үш жерде, ал салмағы 1,5 кг-дан асатын пилотсыз ұшу аппараттары үшін бес жерде жазылады.

      Берілген борттық нөмір мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының тиесілігі – "Q";

      2) ең жоғары ұшу массасының жіктеуіші;

      3) конструкция типінің жіктеуіші;

      4) есептік нөмірі.

      Борттық нөмірді пилотсыз ұшу аппаратының иесі оны пайдалануды бастағанға дейін жазады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Пайдалану мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алатын адамдар уәкілетті ұйымның кеңсесіне не мынадай құжаттарды қоса бере отырып, пилотсыз ұшу аппаратын сатып алған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пилотсыз ұшу аппаратын есепке алуға арналған өтінімді уәкілетті ұйымның электрондық поштасына ұсынады:

      1) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін);

      2) сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат не сот шешімі;

      3) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының көшірмесі, пилотсыз ұшу аппаратын пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат;

      4) ұшқышсыз авиациялық жүйе сипаттамаларының сипаттамасы бар дайындаушы құжатының көшірмесі (ең жоғары ұшу массасы, ең жоғары жылдамдық, ұшудың ең жоғары биіктігі, ұшудың ең ұзақ уақыты, басқару арнасы, ұшу қашықтығы, басқару қашықтығы);

      5) пилотсыз ұшу аппаратының типі мен сериялық (зауыттық) нөмірі, қозғалтқыштың нөмірі (қозғалтқыш нөміріне қол жеткізу болған кезде) және сыртқы пилот станциясының нөмірі (болған кезде) (паспорт);

      6) үлгі сертификатының немесе пилотсыз ұшу аппаратын әзірлеушінің немесе дайындаушының мемлекет стандарттарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;

      7) пилотсыз ұшу аппаратының, басқару станциясының (бар болса) және сериялық нөмірінің қарама-қарсы және нақты фотосуреті;

      8) пилотсыз ұшу аппаратын шет мемлекеттің есебінен шығару туралы куәлік (егер пилотсыз ұшу аппараты шет мемлекеттің есебінде тұрған жағдайда);

      9) тіркелетін пилотсыз ұшу аппаратында әскери және тыңдайтын жабдықтың болмауы туралы өтініш берушінің еркін жазбаша нысандағы растамасы."

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі"

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 131 Бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан


 
__________________________
уәкілетті ұйымның атауы
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты-жөні
(болған жағдайда)
____________________________
жеке куәліктің (паспорт)

____________________________
заңды тұлға ұйымының атауы
____________________________
мекен-жайы, байланыс телефоны
____________________________
(ЖСН / БСН)
____________________________
Тегі Аты Әкесінің Аты (болған жағдайда)

Әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім

1

әуе кемесін (ӘК үлгісі) мемлекеттік тіркеуді жүргізуді сұраймын) ________________:
Берілсін:
мынадай өзгерістерге байланысты азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу:
азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (иесі);
азаматтық әуе кемесін пайдаланушы;
азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтауға байланысты оның мақсаты;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі;

2.

2. Әуе кемесі туралы деректер:

2.1

2.1 азаматтық әуе кемесін бұрынғы тіркеген мемлекет:

(бұрынғы тіркелген мемлекеттің атауы және айырым белгісі)

2.2

тану белгісі:


2.3

сериялық (зауыттық) нөмірі


2.4

зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы)


2.5

дайындаушы (зауыт, мемлекет):


2.6

азаматтық әуе кемесінің мақсаты


2.7

азаматтық әуе кемесінің сыныбы


2.8

қозғалтқыш қуаты


2.9

ең жоғары ұшу салмағы


3.0

соңғы жөндеу жүргізілген күні мен орны


3.1

техникалық байқауды немесе ұшу сынағын кім және қашан жүргізді


3.2

жөндеуге дейінгі әуе кемесі ресурсының қалдығы (сағатпен, қонумен, жылдармен)


3.3

әуе кемесінің тұрақты орналасу орны:


3.4

әуе кемесіне құқық түрі (қажеттісінің астын сызу):

1) меншік құқығы;
2) пайдалану құқығы;
3) жедел басқару құқығы;
4) шаруашылық басқару құқығы

4.

Шарттың нөмірі және сатып алу күні:

Меншік иесі

№____"__"________20__ жыл

Пайдаланушы

№____"__"________20__ жыл

Меншік иесінің санаты (астын сызу):

1) жеке тұлға;
2) заңды тұлға.

5.

Меншік иесі құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

заңды тұлғаның атауы:


заңды тұлғаның БСН


меншік иесінің заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтер))


меншік иесінің телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы


6.

Меншік иесі құжатының санаты (жеке тұлға үшін)

Құжаттың сериясы және берілген күні:

№ ___ "__" ______ 20__ жыл

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні

________ "__" ____20__ жыл

ЖСН


мекен-жайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер)


телефон, факс нөмірі және e-mail мекен-жайы


7.

Пайдаланушы құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

заңды тұлғаның атауы


Заңды тұлғаның БСН


пайдаланушының заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтер))


пайдаланушының телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы


8.

Пайдаланушы құжатының санаты (жеке тұлға үшін):

Құжаттың сериясы және берілген күні

№ ___ "__" _____ 20__ жыл

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні

_____ "__" ______20__ жыл

ЖСН


мекен-жайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер)


телефон, факс нөмірі және e-mail мекен-жайы


9.

Алым нөмірі, күні және сомасы:

№____ "__"_____20___жылғы_________ теңге.

10.

Байланысушы тұлға (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефон, факс нөмірі және e-mail мекен-жайы)


11.

Қызметтерді алған жағдайда (шуыл бойынша сертификат, радиотаратқыш аппаратура ретінде) төменде көрсетілген кестелер бойынша деректерді толтырыңыз

12.

Алым нөмірі, күні және сомасы:№ ____ "__" __________ 20___ жылғы _________ теңге.

Шуыл бойынша сертификат алу үшін

+/-

сипаттаңыз

Ұшақ



Тікұшақ



басқа



Әуе винтінің деректері (бар болса)



Әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасы



Әуе кемесінің ең жоғары қону массасы


Шуылды сертификаттау стандарты



Қолданылатын шуыл бойынша сертификаттау стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген қосымша модификация



Ұшу-қону жолағының бүйіріндегі шу деңгейі / толық қуат режимінде



Қону кезінде шу деңгейі



Ұшу кезіндегі шу деңгейі



Ұшу кезіндегі шу деңгейі



Ұшу кезіндегі шу деңгейі



азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиотаратушы аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін



Ұшақ



Тікұшақ



басқа



Авиациялық радиожиілік диапазонында жұмыс істейтін радиотаратушы құрылғылардың тізбесі:

Тіркелетін азаматтық әуе кемесіне ауыртпалықтың жоқтығын растау туралы мәлімет _________________________________________________________

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын мәлімет

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін кес (меншік иесі/ Пайдаланушы)

Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін)

Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы (заңды тұлға үшін)

Мөр орны (бар болса) "__" ___________ 20__жыл
(жеке тұлға үшін):: _____________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"__" ___________ 20__жыл.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 131 Бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-1 қосымша

"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері ( қол жеткізу арналары)

порталда

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;
шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі - 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) / "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсетілуі.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөршерлемелері:
1) Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
2) азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері);
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
8) азаматтық әуе кемесін әзірлеуші мемлекет берген үлгі сертификатының немесе оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыратын оған балама құжаттың электрондық көшірмесі.
Болған жағдайда келесі құжаттар ұсынылады:
1) Азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелері тізілімінен шығарылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатының электрондық көшірмесі;
3) әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы дайындаушы зауыт берген уақытша куәліктің электрондық көшірмесі;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін:
азаматтық әуе кемесінің меншік иесі және (немесе) пайдаланушысы өзгерген кезде:
1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері);
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
әуе кемесінің мақсаты өзгерген кезде, оны қайта жабдықтағаннан кейін:
1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау құқығына арналған құжаттардың электрондық көшірмесі;
3) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
5) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, ұшуға жарамдылығы нормаларына, Заңға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты қызметті немесе көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрліктің – www. miid. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі;
Көрсетілетін қызметті алушы мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 131 Бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, адресі, телефоны, e-maіl, интернет адресі Name of Civil Aviation Authorized Organization Republic of Kazakhstan address, telephone, e-mail, the internet address Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығуы туралы куәлік Certificate of cancellation from the state register civil aircraft Republic of Kazakhstan №

      Осымен куәландырамыз, әуе кемесінің үлгісі :__________________

      Thіs confіrm the followіng model aіrcraft type: ________________________

      Сериялық (зауыттық) нөмірі: ___________________________________

      Serіal Number: ___________________________________________________

      Бұрынғы мемлекеттік тіркеу және айырым белгісі:

      Former natіonalіty and regіstratіon marks:

      ______________________________________________

      Бұрынғы меншік иесі: _________________________________

      Formerly owned by: _____________________________________________

      Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шықты.

      Негіз: ____________

      Reason: ____________

      Was cancelled from the state register civil aircraft Republic of Kazakhstan.

      Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы

      Employee authorized organization or Employee authorized by him

      Берілген күні:

      Date of issue:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады