БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Нурышев |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 30 наурыздағы № 11-1-4/112 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларында:
8-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссия Министрдің шешімі негізінде құрылады, оның құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің С-1 санатынан төмен емес лауазымдық тұлғалар кіргізіледі.
Комиссия құрамы 5 адамнан кем емес тақ санды мүшелерден тұрады. Министр Комиссия төрағасын оның мүшелері қатарынан анықтайды. Комиссия құрамына Персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің құрамынан Комиссия мүшесі болып саналмайтын хатшы кіреді.".
2. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21109 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сыртқы ротация Жоспары жыл сайын қалыптастырылады және мынадай графикте іске асырылады:
1) 30 қаңтарға дейін – Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және шет елдердегі мекемелерінің басшылары тіл біліктілігіне, екіжақты және көпжақты іс-шаралар жүргізілетін елдің және өңірдің ерекшелігіне қарай ротация мерзімінің ұсыныстарын ескере отырып, ротацияға жататын/ұсынылатын дипломатиялық қызмет персоналының тізімін дайындайды және кадр қызметіне жолдайды;
2) ақпанның соңына дейін кадр қызметі сыртқы ротация Жоспарының жобасын дайындайды және оны құрылымдық бөлімшелерге қарастыруға жолдайды;
3) сыртқы ротация Жоспарының жобасын алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде – құрылымдық бөлімшелердің басшылары жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасарларымен немесе Аппарат басшысымен (бұдан әрі – Министрліктің басшылығы) келісілген сыртқы ротация Жоспарының жобасына байланысты ұсыныстарын енгізеді;
4) сыртқы ротация Жоспарының жобасына байланысты құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде – Персоналды басқару қызметі сыртқы ротация Жоспарының жобасын пысықтайды, оны Министрліктің басшылығымен келіседі және Министрдің бекітуіне ұсынады;
5) сәуір мен мамыр аралығында – сыртқы ротация Жоспарына сәйкес сыртқы ротацияға бекітілген кандидаттар шет елдегі мекемеге тағайындалғаннан кейінгі дипломатиялық қызмет персоналының жұмыс саласына жататын қызметке жетекшілік ететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде шығу алдындағы дайындықтан өтеді;
6) маусымда шығу алдындағы тәжірибенің қорытындылары бойынша Министрліктің дипломатиядық қызмет персоналын шет елдегі мекеменің босайтын лауазымына және шет елдегі мекеменің дипломатиялық қызмет персоналын Министрлікте босайтын лауазымға тағайындау жөніндегі бұйрық шығарылады;
7) маусым мен тамыз аралығында – дипломатиялық қызмет персоналын шет елдегі мекемеге жіберу және шет елдегі мекемеде жұмысын аяқтаған диплолматиялық қызмет персоналын Министрлікке қайтару жүзеге асырылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Шетелдік мекемеге жұмысқа жіберілетін дипломатиялық қызмет персоналының еріп жүретін отбасы мүшелерінің құрамына жұбайын (зайыбын) енгізу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2) тегін өзгертуді растайтын құжаттар (егер бұл өзгеріс некені тіркеу туралы куәлікте көрсетілмеген жағдайда);
3) кадрларды есепке алу парағы-2 дана;
4) 3х4 сантиметр фотосурет-2 дана;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген шет елге шығушылар үшін 072/у нысанындағы медициналық анықтама (бұдан әрі - шет елге шығушылар үшін медициналық анықтама);
Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 11-1-4/166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16945 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі – кадр қызметі) оның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия құрамы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Бағалаудың нәтижелері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Кадр қызметі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметі және Министрліктің басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр қызметімен "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.";
Қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен тұратын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, Министрліктің Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі – кадр қызметі) оның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия құрамы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметінде және шетелдегі мекемеде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Шетелдегі мекемедегі жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Шетелдегі мекемедегі тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Бағалаудың нәтижелері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Кадр қызметі бағалау нәтижелерін ол аяқталған күні шетелдегі мекемеге жолдайды, одан кейін шетелдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлғасы "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен екі жұмыс күні ішінде таныстырады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда шетелдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі немесе өзге уәкілетті тұлғасымен "Б" корпусы қызметшісіне бағалау нәтижесін ведомстволық пошта (mfa.kz) арқылы жолданады және кадр қызметіне хабарланады.".
Қазақстан Республикасына оралғаны жөніндегі хабарлама
Осымен Сізге сыртқы ротация шеңберінде __________________________________
__________________________________________________________________________
(шетелдік мекеменің атауы)
үздіксіз жұмыс мерзімінің аяқталғаны және Қазақстан Республикасына оралғаным
жөнінде хабарлаймын.
Мекен-жайы, байланыс телефоны және электрондық мекенжайы: ________________
__________________________________________________________________________
Негіздеме: сыртқы ротация шеңберінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызмет органдарындағы лауазымынан босату (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрінің 20__жылғы "___"_______№___ бұйрық).
"___"________20___ж._____ Қолы: ______
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілу алдындағы даярлықтың жоспары
Аты-жөні және тегі (бар болған жағдайда) _____________________________________
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдын әрі - СІМ)
құрылымдық бөлімшеде атқаратын лауазым ___________________________________
Даярлықтың басталу күні: 20__ жылғы "___" _____________
№ | Іс-шараның атауы | Өту мерзімі | Дайындықты жүргізген құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы, күні және қолы |
1. Дипломатиялық қызмет персоналының жалпы дайындығы: | |||
1.1. | Дипломатиялық қызмет персоналы жіберілетін елге/халықаралық ұйымға жетекшілік ететін СІМ құрылымдық бөлімшесі | ||
1.2. | СІМ Халықаралық ақпарат комитеті | ||
1.3. | СІМ Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы | ||
1.4. | Қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы курстардан өту (дайындықты өткізетін лауазымды тұлға СІМ басшылығымен анықталады) | ||
2. Сауда-экономикалық қатынастарға жауапты дипломатиялық қызмет персоналын дайындау: | |||
2.1. | Сауда-экономикалық қатынастарға жетекшілік ететін СІМ құрылымдық бөлімшесі | ||
2.2. | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
2.3. | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграции министрлігі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
2.4. | "KazakhІnvest" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
2.5. | "KazakhExport" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
3. Консулдық қызметтерді жүзеге асыратын дипломатиялық қызмет персоналдарын дайындау: | |||
3.1. | Дипломатиялық қызмет персоналы жіберілетін елге жетекшілік ететін СІМ Консулдық қызмет департаментінің басқармасы | ||
3.2. | СІМ Консулдық қызмет департаментінің консулдық-құқықтық басқармасы | ||
3.3. | СІМ Консулдық қызмет департаментінің паспорттық-визалық басқармасы | ||
3.4. | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
3.5. | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
3.6. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
3.7. | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
4. Дипломатиялқ қызмет қызметкерлерін дайындау: | |||
4.1. | Шет елдегі мекеменің кеңсе меңгерушісі: | ||
4.1.1. | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда) | ||
4.1.2. | СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті | ||
4.1.3. | СІМ Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы | ||
4.2. | Шет елдегі мекеменің бухгалтері: | ||
4.2.1 | СІМ Валюта-қаржы департаменті | ||
4.3. | Әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі референт: | ||
4.3.1. | СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті | ||
4.3.2. | СІМ Валюта-қаржы департаменті | ||
4.4. | Кезекші, жүргізуші, механик: | ||
4.4.1. | Қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы курстардан өту |
Министрліктің кадр қызметінің басшысы ___________________
"Лауазымдық нұсқаулықтармен таныстым" _______________________
(қолы)
"Шет мемлекеттердегі мекемелеріне қызметке жіберілетіндердің жадынамамен
таныстым" __________________________
(қолы)
Даярлықтың аяқталу күні
20__ жылғы "____" "_____________"
Жетекшелік ететін Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің орынбасарының ұсынысы
_______________________ / ___________ / _____________
(ұсыныс) (қолы) (күні)
СІМ Аппарат басшысының ұсынысы
______________________ /____________ /_____________
(ұсыныс) (қолы) (күні)
Ескертпе: дипломатиялық қызмет персоналы жіберілу алдындағы даярлықты өтуге кем
дегенде бір жұмыс күнінің жартысын бөлуге тиіс.
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ______________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ______________________________________________ (бағалау мерзімі жыл) Бағалау нәтижелері
№ | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:____________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы:________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Күні: ____________
Комиссияның төрағасы:________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Күні: ____________
Комиссияның мүшесі:________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Күні: ____________