"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 наурызда № 22435 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13373 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.К. Баймұқашев) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 177 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы "30" қаңтардағы
№ 89 бұйрығымен
бекітілген

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) адамның жаза мерзімін өтеуі бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанға дейін 20 күннен кешіктірмей, ал 2016 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес өзге негіздер бойынша босатылған кезде босатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына (бұдан әрі – ОАДҚ) босату туралы мәліметтер енгізеді, таңдап алған тұрғылықты жері бойынша құзыретіне сәйкес аумақтық полиция органдарына не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің пробация қызметіне (бұдан әрі – ҚАЖД ПҚ):

      1) туыстары және жазасын өтеу кезеңінде босатылған адамға келіп тұрған басқа да адамдардың тұратын ықтимал мекенжайларын ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеу уақытындағы байланыстарын көрсете отырып, босатылатын адамға арналған хабарлама;

      2) бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын адамға, бас бостандығынан айырудың жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру, жазаны өтеуді кейінге қалдыру және мекемеден босатылатын адамды қосымша жазалау кезінде, сондай-ақ оған қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген адамның мерзімін өтеу бойынша босатылатын адамға жеке басты куәландыратын құжаттарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтаманың көшірмесін, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ескерту парағын (бұдан әрі – ескерту парағы), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салуға арналған тапсырманың көшірмесін (бұдан әрі – тапсырма жоспар), сот қаулысы мен үкімінің көшірмесін;

      3) босатылатын адамның фотосуретімен бірге ақпараттық-іздеу карточкасын (бұдан әрі – Адам-АІК) жолдайды.

      ҚАЖ мекемелері сондай-ақ босатылатын адамға арналған хабарламаның көшірмесін одан әрі оның уақтылы есепке алынуын бақылау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаменттерінің жергілікті полиция қызметіне қосымша жолдайды.

      4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатқан кезде ҚАЖ мекемелері әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарды (бұдан әрі – қадағалаудағы) қылмыстық жауапкершілік туралы, ал шартты түрде мерзімінен бұрын (бұдан әрі – ШТМББ) босатылған адамдарды заңда белгіленген мерзімде таңдап алған мекенжайға келмегені үшін ШТМББ күшін жою мүмкіндігі туралы ескерту парағына сәйкес қол қойдыра отырып, таныстырады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығу фактілерін болдырмау мақсатында ҚАЖ мекемелері қадағалаудағылар мен ШТМББ-ға қатысты олар босатылғанға дейін 3 тәулік бұрын тапсырма жоспарын толтырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді.

      6. Полиция органдарының жергілікті полиция қызметі бөліністері (бұдан әрі – ҚАПб(Б) ЖПҚ):

      1) босатылған адамның хабарламада көрсетілген мекенжайы бойынша жоспарланған мерзімде келуін тексереді;

      2) босатылған адам хабарламада көрсетілген мекенжайға келген кезде Адам-АІК профилактикалық немесе тізімдік есепке алу санаты бойынша Біріктірілген деректер базасындағы (бұдан әрі – БДБ) "Есептегі элементке" енгізу үшін ақпараттандыру және байланыс бөліністеріне (бұдан әрі – АБ) жолдайды;

      3) криминалдық полиция бөліністеріне қадағалаудағыларға және ШТМББ қатысты сот қаулыларының көшірмелерін жолдайды. Криминалдық полиция бөліністері қадағалаудағыларға жедел есепке алудың ісін жүргізеді.

      7. Жедел-криминалистикалық бөліністер профилактикалық есепке алынуға жататын адамдарды суретке, бейне, аудио (дауыс), одорогиялық (иіс) және биологиялық есептерге қоюды жүргізеді.

      8. Босатылған сәттен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін босатылған адамның орналасқан орнын анықтамаған жағдайда ҚАПб(Б) ЖПҚ АБ-ға оны "бас бостандығынан айыру орнынан босатылғанан кейін таңдап алған тұрғылықты орнына келмеген адам" ретінде тиісті санат бойынша есепке қою үшін баянат жолдайды.

      Босатылған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген қадағалаудағылар мен ШТМББ қатысты полиция органдарының қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша іс-шараларды (туыстарынан, көршілерінен сұрақ-жауап алу, медициналық мекемелерге, мәйітханаларға, әлеуметтік ұйымдарға және тағы басқа сұрау салуды жолдау) жүзеге асырады.

      Қадағалаудағының орналасқан жері анықталмаған жағдайда полиция органы сотқа дейінгі тергеуді бастайды, бұлтартпау шарасын таңдап, оны іздестіруге жариялайды, ал ШТМББ-ға қатысты сотқа іздестіру жариялау және бұлтартпау шарасын таңдау туралы ұсынысты дереу жолдайды.

      ҚАЖ мекемесінен таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адамдарға қатысты ҚАПб(Б) ЖПҚ жинақтау ісі жүргізіледі, оған келмеген адамның орналасқан жерін анықтау жөніндегі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер қоса тіркеледі. Тоқсан сайын Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статитика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған деректер базасы бойынша, босатылған адамдардың таңдаған тұрғылықты жері бойынша тексеру жүзеге асырылады. Тексеру нәтижелері анықтамада көрсетіледі, ол жинақтау ісіне тігіледі.

      9. Таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам туралы ақпарат оның жүрген жерлері анықталған сәтке дейін "Есептегі элемент" БДБ есебінен алынбайды, ал анықталғаннан кейін профилактикалық немесе тізімдік есептің тиісті санатына ауыстырылады және соттылығы өтелгенге дейін есепте тұрады.

      Егер адамның жүрген жері анықталмаған жағдайда электрондық құжат "бас бостандығынан айыру орнынан босатылғанан кейін таңдап алған тұрғылықты орнына келмеген адам" тиісті санаты бойынша "Есептегі элемент" БДБ есебінде соттылығы өтелегенге дейін тұрады.

      10. ПД-ның АБ бөліністері күн сайын жұмыс күндері Web-модуль құралдары бойынша "Бастамашыл сұрау салулар" БДБ кіші жүйесінде анықталған сәйкестіктерді өңдеуді жүзеге асырады.

      11. "Таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам" санаты бойынша есепте тұрған адамдарды "Есептегі элемент" БДБ есебіне қою, түзетулер енгізу кезінде "Бастамашыл сұрау салулар" БДБ-ның кіші жүйесімен "Әкімшілік құқық бұзушылықтар", "Паспорт", "Тіркелген автокөлік", "Жүргізуші куәлігі" және "Техникалық байқау", "Криминалдық зат" және "Криминалдық құжаттар" есептерімен сәйкестіктер анықталады.

      Web-модуль құралдары бойынша бастамашыл хабарламаларды өңдеу кезінде облыстардың ПД АБ басқармаларының жауапты адамдары тәулік ішінде мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) "хабардар ету" - мүдделі қызметтерге хабарлама – әкімшілік полиция – УПИ (ПД ЖПҚ);

      2) "елемеу" - сәйкестік себебін көрсетеді (01-деректердің бірдей еместігі, 02 – бұрын хабарлама жіберілген қайталанған сәйкестік, 06 - өзекті емес).

      Хабарламаны Web-модульдің құралдары бойынша алған кезде ПД ЖПҚ-ның жауапты адамдары "назарға алу" батырмасын басу арқылы хабарламаны алу фактісін дереу растайды. Алынған ақпаратты екі жұмыс күні ішінде ҚАПб(Б) ЖПҚ-ның аумақтық бөліністеріне жолдайды.

      12. БДБ-ға сатып алынған жол жүру билеттері (теміржол, авиа-билеттер) бойынша ақпаратты жүктеу кезінде және "Бастамашылық сұрау салулар" БДБ-ның кіші жүйесімен "Есептегі элемент" БДБ-ның: "234-ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген "А" тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнатылған адам", "235-ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген "Б" тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнатылған адам", "236-ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам", "237-ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген, формальді түрде әкімшілік қадағалауға жататын адам" және "69-ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам (өзге санаттар)" санаттары бойынша есепте тұрған адамдарға сәйкестіктер анықталады.

      Жол жүру билеттері бойынша бастамашылық хабарлама сәйкес келген кезде Көліктегі полиция департаментінің (бұдан әрі – ПД(К) кезекші бөлімінің жедел кезекшісі (бір тәулік ішінде) "жұмыс жүргізуге" шешім қабылдайды және бақылау үшін ПД(К)-нің әкімшілік полициясына хабарлама жолдайды.

      ПД(К)-нің кезекші бөлімі хабарламаны алған сәттен бастап көліктегі полицияның аумақтық бөліністерінің есепке алынған адамды дер кезінде анықтау және жауап алу жөніндегі іс-қимылын үйлестіреді.

      Қабылданған іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша желілік полиция бөлімі үш тәулік ішінде ПД(К)-нің Әкімшілік полиция басқармасына қабылданған шаралар туралы хабарлайды және жиналған материалдарды екі жұмыс күні ішінде есепке қойған бастамашыға және материалдың көшірмесін бастамашылық сәйкестікке қосу үшін ПД(К) АБ басқармасына жолдайды.

      13. ҚАПб(Б) ЖПҚ-ның аумақтық бөліністері тиісті шаралар қабылдайды және көліктегі полицияның аумақтық бөліністерінен алынған материалдарды тиісті іске қосады.

      14. ІІМ АБ департаменті (бұдан әрі – АБД) пысықталатын бастамашылық хабарламалардың сапасын бақылау мақсатында ай сайын 5 күніне ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі - ӘПК) 4-қосымшаға сәйкес мәліметтерді жолдайды.

      15. ІІМ АБД ай сайын ӘПК-ге және ІІМ-нің Қылмыстық - атқару жүйесі комитетіне (бұдан әрі – ҚАЖК) "Есептегі элемент" - "Теміржол билеттер" және "Есепке алу элементі" - "Авиа-билеттер" ("Авиа-билеттер" есебі пайдалануға енгізілгеннен кейін) есептері арасында жолданған бастамашылық хабарламалардың саны туралы мәліметтер жолдайды".

      16. Таңдап алған тұрғылықты жеріне келмеген адамның орналасқан орнын басқа ҚАПб(Б), ҚАПб(Б) ЖПҚ қызмет көрсететін аумақта анықтаған кезде осындай адамдарды анықтаған сұрақ-жауап алуды жүргізеді және оның осы өңірде болу себебін анықтайды. Ол тұрақты тұрған кезде тиісті есепке қояды. Тексеру нәтижелері бойынша ҚАПб(Б) ЖПҚ 3 тәулік ішінде есепке қоюдың бастамашысына тиісті хабарлама жолдайды.

      Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның тұрақты тұрғылықты жері болмаған жағдайда учаскелік полиция инспекторы пробация қызметімен бірлесіп, одан әрі ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) есебіне қоя отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыру бойынша шаралар қабылдайды.

      Таңдаған тұрғылықты орнына келмеген адамның басқа өңірде тұруы туралы растау алған кезде ҚАПб(Б) ЖПҚ бір тәулік ішінде "Қазақстан Республикасында тұрғылықты жерін ауыстыру" есептен алу себебін және жаңа тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып, "Есептегі элемент" БДБ-ның есебінен алады.

      17. Есепке алу мен бақылауды жүзеге асыратын ІІО бөлінісі адамның бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сәттен бастап бір ай мерзімде:

      1) адамның келуі және оны профилактикалық не тізімдік есепке қою туралы;

      2) босатылған адамның хабарламада көрсетілген мекенжайға, сондай-ақ оның жүрген жерінің анықталмағаны туралы материалдарды ұсынған ҚАЖ мекемесіне хабарлайды.

      18. ІІМ АБД бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың уақтылы есепке қойылуын бақылау мақсатында ай сайын 10-күніне дейін "ОАДҚ" мен "Есептегі элемент" БДБ-ның арасында салыстырып тексеру жүргізеді. ҚАПб(Б)-ның есебіне қойылмаған босатылған адамдардың тізімі аумақтық ІІМ ПД, ҚАЖД, ӘПК және ҚАЖК-ға ұсынылады.

      19. ІІО бөліністері оларды тұрғылықты жері бойынша тексеру және тиісті есепке қою бойынша шаралар қабылдайды.

      20. ҚАЖД тоқсан сайын аумақтылығы бойынша ПД Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – ПД КҚБ) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың тізімін жолдайды.

      Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар босаған кезде ҚАЖД мерзімі аяқталуына байланысты босатылғанға дейін алты ай бұрын, ал оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген кезде – сотталғанның өтінішхат берген сәтінен бастап үш тәулік ішінде ПД КҚБ-ны ақпараттандырады.

      21. ПД КҚБ қажеттілік болған жағдайда шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру бойынша мынадай шараларды қабылдайды:

      1) сотталғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жарамды шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не азаматтығы жоқ адамның куәлігі болмаған жағдайда, егер осы құқық жойылмаса не "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес жойылуға жатпаса, тиісті құжаттар ресімделеді;

      2) "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан кету үшін шығару туралы сот қаулысын ұсынады немесе "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысының 6-тармағына сәйкес хабарлама беріледі.

      22. ПД КҚБ:

      1) "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамдарды елімізде болу тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдайды;

      2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның босатылуына дейін 1 ай бұрын үкімінде Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару түрінде қосымша жаза түрі болмаған жағдайда 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының тыс жеріне шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығару туралы мәселені шешу үшін сотқа өтініш береді.

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 70-бабына сәйкес шығарып жіберілетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ішкі істер органдарының арнаулы мекемесіне орналастырылады.

      Сот шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығарудан бас тартқан жағдайда ПД КҚБ көрсетілген адамдарды тиісті есепке қою үшін ПД ЖПҚ-ға хабарлайды.

      23. ҚАЖД бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босаған адамдарды олар таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмысқа тегін жол жүрумен, сондай-ақ азық-түлікпен не Қазақстан Республикасы аумағында жол жүруі үшін ақшамен қамтамасыз етеді.

      24. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күні ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері оны ПД КҚБ қызметкерлеріне ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу үшін тапсырады, одан кейін ПД ЖПҚ (патрульдік полиция) қызметкерлері Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару туралы соттың шешімін орындайды.

      25. ҚАЖД шартты түрде, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған, сондай-ақ өтелмеген жазаның бір бөлігін едәуір жеңіл түріне ауыстыра отырып, мекемелерден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қалған пробациялық бақылау мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шығаруға материалдарды дайындау үшін ПД КҚБ-ға хабарлайды.

      26. ПД КҚБ және ЖПҚ (патрульдік полиция), бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған, сондай-ақ өтелмеген жазаның бір бөлігін едәуір жеңіл түріне ауыстыра отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын мекемелерден босатылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы ақпаратты алғаннан кейін осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген шараларды қабылдайды және пробациялық бақылау мерзімі өткен күні Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару туралы соттың шешімін орындайды.

  Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды есепке алуды жүзеге
асыру бойынша
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
бөліністерінің өзара іс-қимыл
жасасу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ЕСКЕРТУ ПАРАҒЫ

      Мен, ________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда, қолы) толығымен, туған күні)

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 431-бабының талаптарымен таныстым және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгілеген әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзу, сол сияқты әкімшілік қадағалаудан жалтару мақсатында қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерінен өз бетімен кетіп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жеріне демалыс және мереке күндерін есептемегенде бес тәулік ішінде бармағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.

      20___ жылғы "____"____________ № ____________ ҚАЖ мекемесінен

      босатылғаннан кейін тұрақты тұру орынға _____________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ______ мекенжай бойынша Заңмен белгіленген мерзімде барып аумақтық

      полиция органына есепке тұруға міндеттенемін.

      20 ___ жылғы "___" ___________________________________________

      (қадағалаудағы адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда, қолы)

      Таныстырдым ________________________________________________

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда, қолы)

      20___ жылғы "____" _____________

  Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды есепке алуды
жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары бөліністерінің
өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

ЕСКЕРТУ ПАРАҒЫ

      Мен, _______________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) толығымен, туған күні)

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының 7-бөлігі 1-тармағының талаптарымен таныстым және әкімшілік жаза қолданылған екі және одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде жүктелген міндеттерді орындаудан дәлелсіз себеппен екі реттен артық жалтарғаны немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себеппен келмегені үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою түріндегі жауаптылық туралы ескертілдім.

      20___ жылғы "_____"________________ №_______ ҚАЖ мекемесінен

      босатылғаннан кейін көрсетілген тұрақты тұру орынға __________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ______ мекенжай бойынша Заңмен белгіленген мерзімде барып аумақтық

      ІІО-ға есепке тұруға міндеттенемін.

      20___ жылғы "____" __________________________________________

      (қадағалаудағы адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Таныстырдым ________________________________________________

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      20___ жылғы "____" _____________

  Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды есепке алуды
жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары бөліністерінің
өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
____________________________
____________________________

Тапсырма жоспары

      Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасынан шығуды жабу

      Тапсырма негізі: ____ (сілтеме) _____________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Тапсырманың жарамдылық мерзімі І__І__І І__І__І І__І__І__І__І дейін

      (аяқталу күні) (күні) (айы) (жылы)

      Тегі кириллица______________________________________

      латынша ______________________________________ фотоның

      Аты кириллица _____________________________________ орны

      латынша ______________________________________

      Әкесінің аты кириллица ______________________________

      латынша ______________________________________

      Туған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І

      (күні) (айы) (жылы)

      Жынысы ___________________________

      Азаматтығы _____________________________________________________

      Ұлты ____________________________________________________________

      Туған күні _______________________________________________________

      (облысы, елді мекені)

      Туған жері _______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Адам туралы қосымша деректер: ____________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Табылған жағдайда кімге хабарлау керек: _____________________________

      _________________________________________________________________

      (ПД және ПБ кезекші бөлімінің телефон нөмірі)

      Жұмыстан тыс уақытта: ____________________________________________

      _________________________________________________________________

      (ПД және ПБ кезекші бөлімінің телефон нөмірі)

      Процестік сипаттағы қандай шараларды жүргізу қажет: _________________

      _________________________________________________________________

      Кім санкциялады: _________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Бастамашы: ______________________________________________________

      (мемлекеттік орган)

      _________________________________________________________________

      (ҚАЖ мекемесі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы)

      _________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні) (кезекшінің телефон нөмірі)

      Толтырған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І

      (күні) (айы) (жылы)

  Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды есепке алуды
жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары бөліністерінің
өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы ІІМ ААО-ның анықталған бастамашыл сәйкестіктері бойынша алынған хабарламалар туралы мәліметтер

Өңір (облыс)

Барлығы

Таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адамдарға

ІІО есебінде тұрған адамдарға

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар

Әкімшілік қадағалау "а" тармағы бойынша

Әкімшілік қадағалау "б" тармағы бойынша

Формальді түрде әкімшілік қадағалауға жататындар

Басқа санаттар

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар

Әкімшілік қадағалау "а" тармағы бойынша

Әкімшілік қадағалау "б" тармағы бойынша

Әкімшілік қадағалау "в" тармағы бойынша

ІІМ АБ-дан "Бастамашыл сұрау салулар" БДБ сәйкестіктері бойынша аумақтық ПД-ға келіп түскен хабарламалар саны











оның ішінде

"ТЖ-билеттер"











"Әкімшілік құқық бұзушылықтар"











"Паспорт"











"Тіркелген автокөлік"











"Жүргізуші куәлігі"











"Техникалық қарау"











Әкімшілік қадағалаудың бұзушылықтары анықталды











Олар бойынша

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 431-бабы бойынша СДТБТ-ге материалдардың тіркелгені











ШТМББ шектеу белгіленген бұзушылықтардың анықталғаны











Олар бойынша

ШТМББ алынып тасталды











Түзетулер енгізу және есепке қою туралы қабылданған шешім











Есептен шығарылды











оның ішінде

тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты











қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты











ШТМББ қаулысының жойылуына байланысты











  Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды есепке алуды
жүзеге асыру бойынша
Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары бөліністерінің
өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

20___ жылғы "___" __________

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ТІЗІМІ

р/с №

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Азаматтығы

Жеке куәлігінің немесе ұлттық паспортының (азаматтығы жоқ адамның куәлігі) №

Жеке куәлігінің, ұлттық паспортының (азаматтығы жоқ адамның куәлігі) жарамдылық мерзімі

Тұруға ықтиярхаттың № (егер болса)

Үкім бойынша босату мерзімі

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың мүмкін мерзімі

Талап-арыздың болуы (талап сомасы)

ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

_____________ облысының ҚАЖД





















_____________ облысының ҚАЖД






















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады