Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22450 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2012 ж., № 3, 443 бетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;

      2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;

      3) мүлік – сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;

      4) паспорттау – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу және оған техникалық паспорт жасау;

      5) сәйкестендіргіш – электрондық есептің бірегей нөмірі.";

      4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталында орналасқан "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" электрондық сервисті (бұдан әрі – Сервис) қолдану арқылы тапсыруға қалыптастырылады.

      5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:

      1) электрондық есеп Сервис арқылы жасалады. Сервиспен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрықпен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" АЖ-де электрондық түрде 2017 жылы 8 қыркүйекте жарияланған) бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;

      2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Сервисте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
қосымша
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне
есепке алу объектiлерi
деректерiн енгiзудің, сондай-ақ
мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау
жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат" Есепті кезең _____ 20___ жыл

      Индекс: 1-ЖА

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

      Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

      Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

      Нысан

      Ұйымның атауы: _______________________________________________

      Ұйымның БСН: _________________________________________________

      Ұйымның заңды мекенжайы: _____________________________________

      мың. теңге

Мүлік түрі

Саны

Алғашқы құн

Жинақталған амортизация

Құнсызданудан шығындар

Теңгерім құны (3-баған - 4-баған - 5-баған)

Қайта бағалау сомасы (+/-)

Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған)

Техникалық паспорттары бар объектілер саны

Есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны

Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1. Ғимараттар, жерлер**











Тұрғын емес ғимараттар











Тұрғын ғимараттар











Жер



x


***






2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар)











3. Беру қондырғылары











Электр беру және байланыс қондырғылары











Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері











4. Көлік құралдары











Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы











Су көлігі











Автомобиль көлігі











Әуе көлігі











Ат көлігі











Өндірістік көлік











Спорттық көлік











5. Машиналар және жабдық











Күш машиналары және жабдық











Жұмыс машиналары және жабдық











Өлшеу аспаптары











Реттеуші аспаптар және қондырғылар











Лабораториялық жабдық











Компьютерлік жабдық











Медициналық жабдық











Кеңсе жабдығы











Өзге де машиналар және жабдық











6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал*











Құралдар











Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар











Шаруашылық мүкәммал











Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал











7. Өзге де негізгі құралдар











Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар жасанды көп жылдық отырғызулар











Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар











Өзге де мүкәммал











Жұмыс малы











Өзге де негізгі құралдар











8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік**











Тұрғын емес ғимараттар











Тұрғын ғимараттар











Жер



x








9. Биологиялық активтер











Жануарлар











Көп жылдық отырғызулар











10. Материалдық емес активтер











Бағдарламалық қамтамасыз ету











Авторлық құқықтар











Лицензиялық келісім











Патенттер











Өзге де материалдық емес активтер











11. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер











      Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес

      ** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып

      *** "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматты түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі.

      x бұл жайғасым толтыруға жатпайды Бірінші басшы ____________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) Бас бухгалтер ____________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.

      4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған).

      9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).

      11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады