"Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 413 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 22558 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 413 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11639 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
М. Шоранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады