"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 22591 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 75) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында:

      1-тармақтың жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан филиалдарының және өкілдіктерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ішкі кооперация бойынша сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;";

      2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) ішкі кооперация – тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Ұлттық Банктен немесе Ұлттық Банктің ұйымынан не олардың үлестес тұлғаларынан олардың ережесінде немесе жарғысында көзделген, сондай-ақ тапсырыс берушінің қызметін тоқтаусыз және үздіксіз жүзеге асыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталған қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;";

      158-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      185-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатынан қаржыланатын ұйымдармен;";

      191-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) табиғи монополиялар салаларында және реттеу нарықтарында басшылықты жүзеге асыратын орган белгілеген баға шегінде бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген жағдайды қоспағанда, бір тауар, көрсетілетін қызмет бағасының өзгеруі бөлігінде өзгерістер енгізуге жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы департаменті (Әдібаев А.С.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады