"Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік кірістер органы тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамалар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 22613 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік кірістер органы тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамалар жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 385 бұйрығымен
бекітілген

Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік кірістер органы тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамалар жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік кірістер органы тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамалар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесінің – мамандандырылған мемлекеттік мекеменің сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) зерттеу объектілері – құжаттар мен материалдар, сынама және (немесе) үлгі;

      2) құжаттар мен материалдар – сынақ хаттамалары, зерттеу хаттамалары, фото кесте түріндегі иллюстративті материалдар, ксерокөшірмелер, сызбалар, кестелер, сұлбалар, графиктер, аспаптар мен жабдықтардан шығарылған қағаздар;

      3) маман (сарапшы) – сараптама жүргізуге уәкілетті және қажетті арнайы және (немесе) ғылыми білімі бар, мемлекеттік кірістер органының мамандандырылған бөлімшесінің лауазымды тұлғасы;

      4) маман (сарапшы) қорытындысы – жүргізілген зерттеулер және (немесе) сынақ нәтижелері және қойылған сұрақтарға жауап түрінде сараптама қорытындысы бар құжат;

      5) мамандандырылған мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – МММ) – сараптама жүргізуге уәкілетті және зерттеу жүргізу үшін арнайы жабдықтармен қамтылған және штатында білікті мамандары (сарапшылары) бар, мемлекеттік кірістер органдарының мамандандырылған бөлімшесі;

      6) мемлекеттік кірістер органының маманмен (сарапшымен) сараптама жүргізу туралы МММ-ге өтініш-хаты (бұдан әрі – өтініш-хат);

      7) мемлекеттік кірістер органдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аумақтық органдары;

      8) сараптама – мемлекеттік кірістер органына жүктелген міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімін қолдана отырып, мамандардың (сарапшылардың) жүргізетін зерттеулері мен сынақтары;

      9) сынама – іріктеу осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүргізетін, ұсынылған және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын мен қасиетін сипаттайтын тауар бөлігі;

      10) үлгі – тауардың бүкіл партиясының құрылымына, құрамына және сипатына сәйкес келетін тауар бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеу осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес тіркелетін жеке объект (тауар – тауар партиясы болмаған кезде).

2-тарау. Сараптаманы жүргізу тәртібі мен мерзімдері

      3. Сараптама МММ маманының (сарапшысының) алдына қойылған сараптама жүргізу үшін негіздер мен мәселелер көрсетіле отырып, мемлекеттік кірістер органның өтініш-хаты бойынша жүргізіледі.

      4. Сараптама жүргізуді ұйымдастыру МММ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жүктеледі.

      5. Салықтық және экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезінде тағайындалған кедендік сараптаманы қоспағандағы сараптама.

      6. Сараптама жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органының мамандандырылған бөлімшесі тауартану, материалтану, технологиялық, криминалистік және химиялық сараптамаларды жүргізеді.

      7. Тартылатын мамандардың (сарапшылардың) санына байланысты жеке, комиссиялық немесе кешендік сараптамалар тағайындалады.

      Жеке сараптаманы маман (сарапшы) жеке жүргізеді.

      Комиссиялық сараптаманы бір мамандықтың мамандары (сарапшылар) комиссиясы жүргізеді. Мамандары (сарапшылар) арасында келіспеушілік болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі маманның (сарапшының) жеке қорытындысын ұсынады.

      Кешенді сараптаманы мамандардың (сарапшылардың) комиссиясы іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін мамандардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әртүрлі мамандықтағы білімді пайдалану негізінде зерттеулер қажет болған жағдайларда жүргізеді. Әрбір маман (сарапшы) сараптама жүргізген маман (сарапшы) қорытындысының бөлігіне қол қояды.

      8. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу нормаларын көздейтін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 504-од бұйрығымен Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты ретінде 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлген Мемлекетаралық стандартқа сәйкес оларды зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді.

      9. Сараптама маман (сарапшы) сараптама жүргізу үшін зерттеу объектілерін қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн бойы жүргізеді.

      10. МММ маман (сарапшы) сараптама жүргізу үшін зерттеу объектілерін түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама жүргізу немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      11. МММ сараптама жүргізуден бас тартқан жағдайда, сараптама жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш-хат жолдаған мемлекеттік кірістер органын себептерін көрсете отырып, сараптама жүргізуден бас тарту туралы хабардар етеді.

      12. Сараптама жүргізу мерзімдері мынадай:

      1) қосымша ақпарат, құжаттар мен материалдар, тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілерін ұсыну туралы сұрау салуды жолдаған.

      Сараптама жүргізу мерзімі қосымша құжаттар мен материалдар, тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері алынғанға дейін тоқтатыла тұраған.

      Егер сұратылған құжаттар мен материалдар, тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері маманға (сарапшыға) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынбаса, онда сараптама жүргізуден уәжді бас тарту ресімделген;

      2) сараптамаға ұсынылған тауарларға, құжаттар мен материалдарға, сынамаларға және (немесе) үлгілерге зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында айтарлықтай бүлінуіне немесе жойылуына мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды жолданған жағдайларда тоқтатыла тұрады.

      МММ сараптама тоқтатыла тұрған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш-хат жолдаған мемлекеттік кірістер органына сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттар мен материалдарды, сынамаларды және (немесе) үлгілерді зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдануға немесе жоюға рұқсат алу үшін сұрау салуды жолдайды.

      Өтініш-хат жолдаған мемлекеттік кірістер органы сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттар мен материалдарды, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін зерттеу немесе сынау барысында елеулі зақымдануға немесе жоюға арналған сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде МММ-ге жауап жолдайды;

      13. Сараптама жүргізу мерзімі МММ басшысының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен, осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген жағдайларда, сараптамаға келіп түскен құжаттар мен материалдар, тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады.

      14. МММ 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш-хат жолдаған мемлекеттік кірістер органына себептерін көрсете отырып, сараптама жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

      15. Уақыт жағынан ұзақ болып табылатын зерттеудің салыстырмалы (салыстырып тексеру) әдістерін және әртүрлі ғылыми-техникалық құралдарды қолдануды талап ететін 2 (екі) және одан көп сараптама объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде, сараптама мерзімі МММ басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның жазбаша рұқсатымен 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге, мұндай ұзарту себептерінің көрсетілуімен ұзартылады.

      16. Маман (сарапшы) сараптама нәтижелері бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман (сарапшы) қорытындысын 2 (екі) данада жасайды.

      17. Егер маман (сарапшы) қорытындысында зерттеу және (немесе) сынақ барысын иллюстрациялайтын құжаттармен және материалдармен сүйемелденсе және алынған нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын болса, онда мұндай құжаттар мен материалдар маман (сарапшы) қорытындысына қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып қызмет етеді.

      Құжаттар мен материалдарға маман (сарапшы) қол қояды және МММ мөртаңбасымен куәландырылады.

      18. Маманның (сарапшының) шешуіне қойылған бір және (немесе) (бірнеше) сұрақтарға жауап беру мүмкін болмаған жағдайда, МММ маманы (сарапшы) сараптама жүргізу туралы өтініш-хатты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына дәлелді негіздеме ұсынады.

      19. Сараптама жүргізуден мынадай негіздер бойынша:

      1) зерттеу объектілерінде зақымдану, бүліну не ішінара жоғалу, сондай-ақ жеткізу (тасымалдау) кезінде жүргізулген сынама және (немесе) үлгі орамасының бұзылуы болғанда;

      2) сараптама жүргізу үшін МММ-да материалдық-техникалық базаның, арнайы жағдайдың немесе біліктілікті талап етілетін маман (сарапшы) болмағанда;

      3) сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда;

      4) өтініш-хат жолдаған мемлекеттік кірістер органының зерттеу объектілерін бұзатын зерттеу әдістерін пайдалана отырып, сараптама жүргізу барысында зерттеу объектілерін ішінара немесе толық жоюға, бұзуға тыйым салуы болғанда бас тартылады.

  Уәкілетті органға жүктелген
міндеттерді шешу үшін
мемлекеттік кірістер органы
тағайындайтын кедендік
сараптаманы қоспағанда,
сараптамалар жүргізу
қағидаларына
қосымша
  нысан

      __________________________________________________________________________

                        (мамандандырылған мемлекеттік мекеменің атауы)

      МАМАННЫҢ (САРАПШЫНЫҢ) ҚОРЫТЫНДЫСЫ № ________________________

      20____ жылғы "_____"_________ ___________________________________________

      (орналасқан жері)

      Сараптаманы жүргізу үшін негіздеме: _______________________________________

      Мен, __________________________________________________________________

      (сараптама жүргізген маманның (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      (атқаратын лауазымы, білімі, мамандығы, маманның

      (сарапшының) жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі)

      20 __ жылғы "____" ________ сағат __________ минут бастап

      20 __ жылғы "____" ________ сағат _________ минутқа дейінгі кезеңде сараптама жүргізді.

      Сараптамаға ұсынылды:

      1. _____________________________________________________________________

      (құжаттар, зерттеу объектілері, олардың жағдайы, орамасы, мөртаңбамен бекітілуі)

      2. ____________________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________________

      Маманның (сарапшының) шешуіне қойылған мәселелер:

      1. ____________________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________________

      ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ:

      _____________________________________________________________________

      (қолданылған әдістерді, аспаптарды және жабдықтарды

      көрсетумен зерттеудің мазмұны мен нәтижелері)

      ______________________________________________________________________

      (жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау)

      ҚОРЫТЫНДЫ:

      _____________________________________________________________________

      (маманның (сарапшының) алдына қойылған мәселелер

      бойынша қорытындылардың негіздемесі және тұжырымдамасы)

      Маман (сарапшы) _______________________             ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады