"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22621 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережесінде:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық тіркеу тіркеуші органға құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.".

      5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәмілені мемлекеттік тіркеу жағдайында қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.".

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
нотариаттық куәландырылмаған мәмілелерді, сондай-ақ ауыртпалықтардың және заңдық талаптардың тоқтатылуын қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерінің туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;
нотариалды куәландырылмаған мәмілені, сондай-ақ ауыртпалықтардың және заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілген мерзім үш жұмыс күні ішінде электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы Төлем расталғаннан кейін есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут.
Мемлекеттік қызмет келесі жағдайларда бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады:
1) сотқа берілген талап қою және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заң бұзушылық жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес жүргізіледі;
3) "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады";
4) Егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмаса, өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
5) Егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмаса, мемлекеттік органдардан осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;
6) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін кері қайтарып алуға құқылы.
7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін ақы толық төленбеген кезде;
8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе адамды ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.
Электрондық тіркеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылмайды.

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ____________________

      2021 ж. "____" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады