БҰЙЫРАМЫН:
1. "Камералдық кедендік тексеру жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18891 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық кедендік тексеру жүргізудің басталуы туралы тексерілетін тұлғаны хабардар ету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кодекстің 417-бабы 3-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру жүргізу үшін негіз болған жағдайда мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары рұқсат еткен күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде тексерілетін тұлғаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық кедендік тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) жолдау жолымен хабардар етеді.
Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлға тексерілетін тұлғаға Кодекстің 417-бабы 5-тармағына сәйкес осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну жөнінде талап жолдайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Хабарлама тексерілетін тұлғаға төменде тізбеленген тәсілдердің бірімен:
1) тексерілетін тұлғаға өзіне қол қойдырумен табыс етіледі немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс пошталық жөнелтіліммен;
2) электрондық тәсілмен жолданады.
Бұл ретте Хабарлама электрондық тәсілмен:
"Мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 321 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықытық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16596 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде;
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабының 1-тармағының 73)-тармақшасында қарастырылған электрондық салық төлеуші ретінде;
"электрондық үкімет" веб-порталында салық төлеуші ретінде тіркелген тексерілетін тұлғаға жолданады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жоғарыда келтірілген тәсілдердің бірімен жолданған Хабарлама мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта бойынша – почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасында белгі қойылған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен:
веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап;
хабарламаны "электрондық үкімет" веб-порталындағы тексерілетін тұлғаның жеке кабинетіне жеткізген күннен бастап тексерілетін тұлғаға табыс етілді деп саналады.";
көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Камералдық кедендік тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама
2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік
реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
417-бабының 2-тармағына сәйкес _______________________________________
Сізді (мемлекеттік кірістер органының атауы)
__________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), толық атауы),
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
жалпы саны *№ №
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
кедендік декларация (лар) бойынша камералдық кедендік тексеру
жүргізілетіндігін хабарлайды. **қоса берілген тізбеге сәйкес тексеруге
жататын кедендік декларайиялар _________________-___________ парақта.
(сандармен және сөздермен)
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
негізінде***
__________________________________________________________________
камералдық кедендік тексеру мәселесі/пәні бойынша****
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөр)
Хабарламаны алдым
_______________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), толық
атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),
қолы, күні)
Хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылды
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органның лауазымдық адамының тегі, аты, жөні
(ол болған кезде) қолы, күні)
Хабарлама тексерілетін тұлғаға жіберілді
____________________________________________________________________
(жіберу және алу фактісін растайтын құжат, күні)
Ескертпе:
* – деректерді толтыру кезінде жиырмадан аз кедендік декларациялар болса;
** – деректерді көрсету кезінде жиырма және одан көп кедендік декларациялар болса;
*** – толтыру кезінде: Кодекстің 417-бабы 3-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру жүргізу үшін негіз; Кодекстің 417-бабы 3-тармағы 3), 6), 8), 9) тармақшалары бойынша камералдық кедендік тексеру жүргізу үшін негіз болған құжаттардың деректемелері; талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі;
**** – камералдық кедендік тексеру пәнін толтыру кезінде тексеру мәселесінің қысқаша сипаттауын көрсетумен Кодекстің 416-бабы 6-тармағы басшылыққа алынсын.
Құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну бойынша талап
2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік
реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
417-бабының 5-тармағына, 426-бабына сәйкес
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізден ____________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), толық атауы),
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
жүргізіліп жатқан камералдық кедендік тексеру шеңберінде
_________________________________________________________________
__________________________________ негізінде*
мына құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынуды сұрайды:
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мемлекеттік кірістер органы кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мемлекеттік кірістер органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзартады.
Өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзімді мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып айқындайды, бірақ ол құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мемлекеттік кірістер органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
Камералдық кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлға талап бойынша кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер дұрыс мәлімделмеген болып табылады.
Осы талапты орындамаған жағдайда Сізге 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 558-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылатын болады.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөр)
Талапты алдым
_______________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның тегі, аты, жөні (ол болған кезде) қолы, күні)
Талап тексерілетін тұлғаға тапсырылды
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органның лауазымдық адамының тегі, аты, жөні
(ол болған кезде) қолы, күні)
Талап тексерілетін тұлғаға жіберілді
____________________________________________________________________
(жіберу және алу фактісін растайтын құжат, күні)
Ескертпе:
Талап мемлекеттік кірістер органының хаты фирмалық бланкісінде ресімделеді;
* – толтыру кезінде Кодекстің 417-бабының 3-тармағында көзделген, камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабарламада, жолданған талапта көрсетілген камералдық тексеру жүргізу үшін негіздер көрсетіледі.