"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.01.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссияcы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрыққа 1-қосымша |
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – мемлекеттік органның ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны;
2) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;
3) ашық деректердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) –ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;
4) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
6) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы өкілі;
7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар (бұдан әрі – функцияларды орындаушылар) – "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;
8) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңыңда көзделген өзге де функциялар жүктелген заңды тұлға.
2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
3. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпаратты Порталда орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды.
4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді Порталда орналастырады және өзектендіреді.
Мемлекеттік органдар ашық деректерді Заңның 6-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес орналастырады және өзектендіреді.
5. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың Порталда ашық деректерін орналастыруы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ашық деректерді ұсыну форматына сәйкес JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (eХtensible Markup Language) форматтарында орналастырады.
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар ашық деректерді JSON немесе XML форматына ауыстыруды АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып жүзеге асырады.
Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерін JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерін қалыптастырады.
6. Порталда орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерін қамтиды.
Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді ұсынуы берілетін ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ақпараттық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі.
7. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді Портал арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, функцияларды орындаушыға жібереді.
8. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді.
9. Егер ақпарат пайдаланушы сұратқан ашық деректер Заңның 11-бабының 16-тармағына қайшы келмесе, мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы Порталда ашық деректерді орналастырады.
Кері жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы өтінім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады.
10. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 1-қосымша |
Ашық деректерін ұсыну форматы
1. Ашық деректерді жариялау форматы
"meta": {
"apiUri": "",
"nameKk": "",
"nameRu": "",
"nameEn": "",
"descriptionKk": "",
"descriptionRu": "",
"descriptionEn": "",
"keywords": [],
"responsible": {
"fullnameKk": "",
"fullnameEn": "",
"fullnameRu": "",
"phone": "",
"email": "",
"owner": {
"fullnameKk": "",
"fullnameEn": "",
"fullnameRu": "",
"phone": "",
"email": ""
"fields": {
"<fieldName>": { "type": "Int | String | Double | Boolean
|Date | Geoposition", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "",
"datapath": "<apiUri>.<id>", "pkey": true},
"<fieldName>": { "type": "Object", "labelKk": "",
"labelRu": "", "labelEn": "",
"fields": {}
"<fieldName>": { "type": "List", "labelKk": "",
"labelRu": "", "labelEn": "", "elementType": "Int | String | Double
|Boolean | Date | Geoposition | Object | List"
"fields": {}
"data": [{}..{}]
2. Формат бойынша ашық деректер туралы жолдардың сипаттамасы
Р/с № | Жолдың атауы | Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі | Жолдың типі | Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар |
1 | apiUri |
Ашық деректердің сәйкестендір | Жол (100) | Ашық деректердің бірегей сәйкестендіргіші |
2 | NameKk /NameRu | Ашық деректердің атауы | Жол (255) | Ашық деректердің толық атауы |
3 | DescriptionKk / descriptionRu | Ашық деректердің сипаттамасы | Мәтін | Ашық деректердің толық сипаттамасы |
4 | Keywords | Ашық деректердің түйінді сөздері |
Массив/ | Түйінді сөздер |
5 | Responsible.fullnameKk/Responsible.fullnameRu | Ашық деректерге жауапты адам | Жол (100) | Ашық деректерге жауапты адамның ТАӘ |
6 | Responsible.phone | Телефон нөмірі | Жол (50) | Жауапты адамның телефон нөмірі |
7 | Responsible.email | Электрондық поштаның мекенжайы | Жол (50) | Жауапты адамның электрондық поштасының мекенжайы |
3. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы
Р/с № | Жолдың атауы | Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі | Жолдың типі | Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар | Ашық деректері мысал |
1 | Жолдың атауы | Бүтін сандар | Int | Атрибут сандық мәнді қамтиды | id: { type: "Int", labelKk: "ИД", labelRu: "ИД", labelEn: "ID", pkey: true}, |
2 | Бүтін емес сандар | Double | Атрибут сандық емес мәнді қамтиды | ||
3 | Жол | String |
Атрибуттың мәні тек мынадай символдарды қамтиды: | title: { type: "String", labelKk: "Атауы", labelRu: "Атауы", labelEn: "Title"} | |
4 | Логикалық мәні | Boolean | true/false | published: {type: "Boolean", labelKk: "Жарияланған", labelRu: "Жарияланған", labelEn: "Published"}, | |
5 | Күні | Date | Атрибут күнін қамтиды. Мәні мынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм | date: {type: "Date", labelKk: "Күні", labelRu: "Мерзім", labelEn: "Date"}, | |
6 | Геопозиция | Geoposition |
Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуы туралы ақпаратты қамтиды– | ||
7 | Парақ | List | List атрибуты деректердің кеңейтілетін массивін қамтиды | ||
8 | Объект | Object | Атрибут басқа немесе салынған объектілердің сипаттамасы үшін пайдаланылады |
4. Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы
Р/с № | Атрибуттың атауы | Атрибуттың сипаттамасы | Болжамды мәні |
1 | type | Атрибут жол типін көрсетеді | Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List |
2 | labelKk | Қазақ тілдегі атрибуттың атауы | |
3 | labelRu | Орыс тіліндегі атрибуттың атауы | |
4 | elementType | Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді | Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List |
5 | pkey | Атрибут жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсетеді | true, false |
6 | fields | Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды | |
7 | datapath | Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да ашық деректерінің сілтемесіне арналған | "<ашық дерек сәйкестендіргіші>.< объект сәйкестендіргіші>" |
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 2-қосымша |
Ашық деректерін JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 24.01.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жолдың атауы | Мәні | Мысалы |
Ашық деректердің сәйкестендіргіші | № | |
Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы* | Астана қаласының дәріханалары | |
Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы* | Аптеки города Астана | |
Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы* | Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды | |
Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы* | Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города г. Астана | |
Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер* | Дәріхана, аптека | |
Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)* | Ақышев Жеңіс Бекенұлы | |
Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)* | Акишев Женис Бекенович | |
Жауапты адамның телефон нөмірі* | 8 (7172) 740479 | |
Жауапты адамның электрондық поштасы* | zh.akishev@qogam.gov.kz |
Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
2. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы
Жол | *Қазақ тілдегі жолдың атауы | *Орыс тіліндегі жолдың атауы | Жолдың типі | *Күнінің форматы (жолдың типі күні болса) | Ашық деректердің ішіндегі нақты объектіге сілтеме | Жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсету | Массив ішіндегі объектінің типін көрсету |
Үлгі | |||||||
id | сәйкестендіргіш | индентификатор | String | true | |||
name | Атауы | Название | String | false | |||
region | Өңір | Регион | String | false | |||
geoposi-tion | Геонүкте | Геопозиция | Geoposi-tion | false | |||
address | Мекенжайы | Адрес | Address | false | |||
schedule | Жұмыс істеу кестесі | График работы | Text | false | |||
expireDate | Лицензияның аяқталу мерзімі | Срок истечения лицензии | Date | DD.MM.YY YY | false |
Ескертпе: 1. * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.
3. Ашық деректерін қалыптастыру шаблоны
id | name | region | geoposition | address |
11 | Гиппократ | Астана | 51.117469,71.428171 | Астана қаласы, "Ильинка" Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй |
22 | Зеленая аптека | Астана | 51.121077,71.419938 | Астана қаласы, Достык шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрыққа 2- қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген).
2. "Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 432 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17682 болып тіркелген).
3. "Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 201/НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20762 болып тіркелген).