Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13231 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 28.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 86 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 10.10.2018 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын анықтайды.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

      2) жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстар – меншiк иесi немесе иеленушісі қол жеткізу немесе пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ еркін қол жеткiзуге болатын және берілу нысаны мен таратылу тәсiлiне байланысты болмайтын мәлiметтер;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болатын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары

      3. Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары:

      1) жалпыға бірдей қол жетімділік;

      2) қажеттілік болып табылады.

      4. Электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу үшін жалпыға бірдей қол жетімділігін анықтау Заңға және 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 1999 жылғы 15 наурыздағы "Мемлекеттік құпиялар туралы", 2013 жылғы 21 мамырдағы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органмен жүзеге асырылады.

      5. Электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу қажеттілігін анықтау үшін мемлекеттік орган пайдаланушылардан мемлекеттік органның интернет-порталында, "электрондық үкімет" веб-порталында сұрау жүргізеді, мемлекеттік органдардан жиі сұралатын ақпараттарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу мақсатында олардың қажеттілері пайдаланушылармен кезекті күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп рет сұратылатын электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 86 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына
орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматы 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 10.10.2018 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) мен форматын анықтайды.

      2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

      1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – ашық деректер жиынтығын орналастыру үшін мемлекеттік органның жұмыс орны;

      2) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

      4) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылып сақталуын қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;

      5) ашық деректер жиынтығы – ашық деректер нысанында берілген жекелеген элементтерден тұратын, белгілер жиынтығын білдіретін, және ақпараттық жүйелерге адамның қатысуынсыз элементтерді сәйкестендіруге, мазмұндауға және өңдеуге мүмкіндік беретін біртипті деректердің жүйеленген жиынтығы;

      5-1) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі - XML) - құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;

      6) модерация – пайдаланушылардың ашық деректерді орналастыруға және өзектендіруге сұрауларын "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен өңдеу;

      7) пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;

      8) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болатын ақпараттық жүйе;

      9) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрі - сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, "электрондық үкiметтiң" және "электрондық әкімдіктiң" архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

      10) application programming interface (бұдан әрі – API) – қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшінқосымшамен (кітапханамен, сервиспен) берілетін дайын бағдарламалар жиынтығы;

      11) java script object notation (бұдан әрі – JSON)– адамға оқуға және жазуға, сондай-ақ аппараттық-бағдарламалық кешендер үшіндеректер алмасуға қолайлы машина оқитын формат.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.05.2020 № 201/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталында орналастыратын ашық деректерді ұсынудың тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 10.10.2018 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік орган иелігіндегі және (немесе) қарамағындағы электрондық ақпараттық ресурстардың негізінде интернет-порталда орналастырылатын ашық деректер тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастырады.

      4. Мемлекеттік орган уәкілетті органға келісуге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес интернет-порталда орналастырылатын ашық деректер тізбесін жібереді.

      Уәкілетті органмен келісілген тізбе Заңның 9-бабының 15) тармақшасына және 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

      5. Мемлекеттік орган бекітілген тізбеге сәйкес ашық деректер жиынтығын интернет-порталда орналастырады және өзектендіреді.

      6. Мемлекеттік органдар сонымен қатар интернет-порталда өз бастамасы бойынша ашық деректер жиынтықтарын интернет-порталда орналастырады.

      7. Уәкілетті орган ашық деректерде Қазақстан Республикасы халқының қажеттіліктері туралы "электрондық үкіметтің" веб-порталында қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелері бойынша интернет-порталда орналастыру үшін мемлекеттік органан ашық деректерді сұратады.

      8. Қоғамдық пікір сауалнамасы "электрондық үкіметтің" веб-порталында сервистік интегратормен, сондай-ақ авторизацияланған пайдаланушылардың сауалдарын қабылдау және өңдеу жолымен өткізіледі.

      9. Ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сауал интернет-порталда "электрондық үкіметтің" веб-порталдың авторизацияланған пайдаланушыларымен жүзеге асырылады.

      Сервистік интегратор ай сайынғы негізде ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сұраулар модерациясын өткізеді. Модерациядан өткен сұраулар уәкілетті органмен мемлекеттік органға АЖО немесе ресми сұрау арқылы жіберіледі.

      10. Сұратылған ашық деректерді ұсыну мүмкін болған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органнан сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматын ұстана отырып, автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) арқылы интернет-порталда орналастырады немесе мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсынады немесе уәкілетті органды ашық деректерді орналастырудың жоспарланған күні туралы хабарлайды.

      Ақпаратты ұсынудың мүмкін еместігінің жағдайында "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 11-бабы 16-тармағымен көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік орган уәкілетті органға дәлелді жауапты жолдайды.

      Сервистік интегратор сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде интернет-портал арқылы уәкілетті органның сұрауды қарауы мәртебесі туралы хабарламаны ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сұрау берген пайдаланушыларға жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 10.10.2018 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.05.2020 № 201/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

3-тарау. Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталында орналастыратын ашық деректерді беру форматы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 10.10.2018 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Интернет-порталда АЖО көмегімен ашық деректер жиынтығын мемлекеттік органдардың орналастыруы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығын ұсыну форматына сәйкес JSON форматында жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдармен JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын аудару АЖО-да орналасқан құралды пайдалана отырып, жүргізіледі.

      Мемлекеттік органдар құралды пайдалану үшін ашық деректер жинақтарын осы Қағиданың 3-қосымшада көрсетілген JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын көшіру жөніндегі құралды пайдалануға сипаттамаға сәйкес дайындайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.05.2020 № 201/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      12. Ашық деректер жиынтығы машинамен оқылатын түрде және ашық деректер жиынтығында ашық деректер жиынтығын, ашық деректер жиынтығы жолдарының сипаттамасын қамтиды.

      Ашық деректер жиынтығын ұсыну форматы ашық деректер жиынтығы жарияланымы форматын, формат бойынша ашық деректер жиынтығы туралы жолдардың сипаттамасын, ашық деректер жиынтығы алаңы атрибуттарының сипаттамасын қамтиды.

      13. Мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсыну, егер ұсынылатын ақпарат XML және JSON форматта мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде болған жағдайда жасалады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.05.2020 № 201/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Мемлекеттік органдар ашық
деректердің интернет-порталына
орналастыратын ашық деректерді
беру қағидалары мен форматына
1-қосымша
  Нысан

Интернет-порталда орналастырылатын ашық деректердің тізбесі

      ______________________________

      мемлекеттік органның атауы

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы немесе мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы)

Жауапты тұлға







  Мемлекеттік органдар ашық
деректердің интернет-порталына
орналастыратын ашық деректерді
беру қағидалары мен форматына
2-қосымша

Ашық деректер жинақтарын беру форматы

      1. Ашық деректер жиынтығын жариялау форматы

      "meta": {

      "apiUri": "",

      "nameKk": "",

      "nameRu": "",

      "nameEn": "",

      "descriptionKk": "",

      "descriptionRu": "",

      "descriptionEn": "",

      "keywords": [],

      "responsible": {

      "fullnameKk": "",

      "fullnameEn": "",

      "fullnameRu": "",

      "phone": "",

      "email": ""

      "owner": {

      "fullnameKk": "",

      "fullnameEn": "",

      "fullnameRu": "",

      "phone": "",

      "email": ""

      "fields": {

      "<fieldName>": { "type": "Int | String | Double | Boolean | Date | Geoposition", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "", "datapath": "<apiUri>.<id>", "pkey": true},

      "<fieldName>": { "type": "Object", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "",

      "fields": {}

      "<fieldName>": { "type": "List", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "", "elementType": " Int | String | Double | Boolean | Date | Geoposition | Object | List"

      "fields": {}

      "data": [{}..{}]

      2. Формат бойынша ашық деректер жиынтығы туралы жолдардың сипаттамасы

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тілінде жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

1

apiUri

Ашық деректер жиынтығыныңсәйкестендіргіші

Жол (100)

Ашық деректер жиынтығының бірегей сәйкестендіргіші

2

NameKk /NameRu

Ашық деректер жиынтығының атауы

Жол (255)

Ашық деректер жиынтығының толық атауы

3

DescriptionKk/
descriptionRu

Ашық деректер жиынтығының сипаттамасы

Мәтін

Ашық деректер жиынтығының толық сипаттамасы

4

Keywords

Ашық деректер жиынтығының түйінді сөздері

Массив/Тізім

Түйінді сөздер

5

Responsible.fullnameKk/Responsible.fullnameRu

Ашық деректер жиынтығына жауапты тұлға

Жол (100)

Ашық деректер жиынтығына жауапты тұлғаның ТАӘ

6

Responsible.phone

Телефон нөмірі

Жол (50)

Жауапты тұлғаның телефон нөмірі

7

Responsible.email

Электрондық пошта адресі

Жол (50)

Жауапты тұлғаның электрондық пошта адресі


      3. Ашық деректер жиынтығы жолдарының сипаттамасы

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

Ашық деректер жиынтығына мысал

1

Жолдың атауы*

Бүтін сандар

Int

Атрибут сандық мағынаны қамтиды

id: { type: "Int", labelKk: "ИД", labelRu: "ИД", labelEn: "ID", pkey: true},

2

Бүтін емес сандар

Double

Атрибут сандық емес мағынаны қамтиды


3

Жол

String

Атрибут мағынасы тек символдарды қамтиды:
Қазақ және орыс әліппесінің бас (жазылған) және кіші әріптерін қамтиды – [A, Я] және [а, я].
"Нөмір" белгісі
"Сызықша" белгісі
"Дөгелек" жақшалар
Сөз бөлгіш – "аралық"дара нышан
"Үтір"белгісі
"Нүкте" белгісі

title: { type: "String", labelKk: "Атауы", labelRu: "Атауы", labelEn: "Title"}

4

Логикалық мағына

Boolean

true/false

published: {type: "Boolean", labelKk: "Жарияланған", labelRu: " Жарияланған ", labelEn: "Published"},

5

Мерзімі

Date

Атрибут мерзімді қамтиды. Мәнімынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм

date: {type: "Date", labelKk: "Мерзім", labelRu: "Мерзім", labelEn: "Date"},

6

Геопозиция

Geoposition

Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуытуралы ақпаратты қамтиды–
Координатар Х: координаттар У


7

Парақ

List

Атрибут Listдеректердің кеңейтілетін массивін қамтиды


8


Объект

Object

Атрибут басқа немесе салыным объектілерінің сипаттамасы үшін пайдаланылады


      4. Ашық деректер жиынтығы жолдары атрибуттарының сипаттамасы

Атрибуттың атауы

Атрибуттың сипаттамасы

Болжалды мәтіні

1

type

Атрибут жол типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

2

labelKk

Қазақ тіліндегі атрибуттың атауы


3

labelRu

Орыс тіліндегі атрибуттың атауы


4

elementType

Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

5

pkey

Атрибут жолбірегей сәйкестендіргіші болып табылатын мәнін көрсетеді

true, false

6

fields

Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды


7

datapath

Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да жиынтығының сілтемесіне арналған

"<жинақ сәйкестендіргіші>.< объект сәйкестендіргіші>"

  Мемлекеттік органдар ашық
деректердің интернет-порталына
орналастыратын ашық деректерді
беру қағидалары мен форматына
3-қосымша

JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын аудару құралын
пайдалануға сипаттама

      1. Ашық деректер жиынтығының сипаттамасы

      *толтыруға арналған міндетті жолдар

Жолдың атауы

мағынасы

үлгі

*Деректер жиынтығының идентификаторы



* Қазақ тіліндегі деректер жиынтығының атауы


Астана қаласының дәріханалары

*Орыс тіліндегі деректер жиынтығының атауы


Аптеки города Астаны

*Қазақ тіліндегі деректер жиынтығының сипаттамасы


Бұл жинақта дәріханалардың атауы, жұмыс істеу уақыты, мекенжайы, байланыс телефондары, гео нүктесі, лицензия аяқталу мерзімі туралы деректер бар.

*Орыс тіліндегі деректер жиынтығының сипаттамасы


В данном наборе содержится информация о наименованиях аптек, график работы, адрес, контактные телефоны, геокоординаты и срок истечения лицензии.

*Қазақ және орыст ілдерінде түйінді сөздер


Дәріхана, дәрі-дәрмек, аптека, лекарства

*Қазақ тіліндегі жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)


 
Ахметжанова Назерке Сериковна

*ФИО (при его наличии) ответственного лица на русском языке


Ахметжанова Назерке Сериковна

*Орыс тіліндегі жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)



*Жауапты тұлғаның телефон нөмірі



*Жауапты тұлғаның электрондық поштасы






      2. Ашық деректер жиынтығы жолдарының сипаттамасы

      *толтыруға арналған міндетті жолдар

Жол

*Қазақ тіліндегі жолдың атауы

*Орыс тіліндегі жолдың атауы

*Жолдың типі

*Мерзімнің форматы (жолдың типі күні болса)

Деректер жиынтығының ішіндегі нақты объектіге сілтеме

Жол бірегей сәйкесетндіргіш болып табылатын мәнді көрсету

Массив ішіндегі объекті типін көрсету

**Үлгі

id

идентификатор

идентификатор

String



true


name

Атауы

Название

String



false


region

Облыс

Регион

String



false


geoposition

Гео нүкте

Геопозиция

Geoposition



false


address

Мекен жайы

Адрес

Address



false


schedule

Жұмыс істеу уақыты

График работы

Text



false


expireDate

Лицензия аяқталумерзімі

Срок истечения лицензии

Date

DD.MM.YYYY


false


      Ескертпе. Ашық деректер жиынтығы жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Өлшемшарттардың 2-қосымшасында көрсетілген.

      3. Ашық деректер жиынтығын қалыптастыру үлгісі

id

name

region

geoposition

address

1

Гиппократ

Астана

51.117469,71.428171

г. Астана, Ж.М."Ильинка" ул. Есет батыра д.18

2

Аптека

Астана

51.121077,71.419938

г. Астана, м-н Достык ул. Сауран д.5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады