"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 22670 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларына 2 қосымшада аталған бұйрықпен бекітілген:

      1-1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қашықтықтан оқытуды іске асыратын оқу ұйымдарының интернет-ресурсы – білім беру процесіне қатысушылар үшін әкімшілік-академиялық ақпаратты қамтитын Интернет-ресурс";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, практикалық сабақтар болып табылады.

      Электрондық және қашықтықтан оқытуды қолданып, "А", "В" санаттары және "А1", "В1" кіші санаттары үшін теориялық сабақтар жүргізуге мынадай талаптар сақталған жағдайда жол беріледі:

      1) Ақпараттық білім беру ресурсы (бұдан әрі – АБР) оқу-әдістемелік материалдармен, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивті өзара іс-қимыл жасасу нысандарымен қамтамасыз етуді, сондай-ақ Интернет-ресурстың көмегімен оқу процесін әкімшілендіруді, ұйымдастыруды және сүйемелдеуді қамтиды. Интернет-ресурстың бағдарламалық коды, сондай-ақ тестілеуден өту нәтижелері, оқыту тарихы, білім алушылардың үлгерімі туралы ақпарат өзіндік серверлерде не оқу орнының (заңды тұлғаның) немесе жеке кәсіпкерлердің меншігіне жалға алынған серверлерде сақталады;

      2) Оқу контенті оқыту басталған сәтте жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес келеді;

      3) АБР арқылы іске асырылатын қашықтықтан оқыту аутентификациялау жүйесі арқылы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етеді;

      4) АБР-де ақпарат алмасу "Hyper Text Transfer Protocol Secure" (бұдан әрі – "https") қорғалған хаттамасы жүйесін пайдаланып жүзеге асырылады;

      5) қашықтықтан оқыту аралас оқыту технологиясының мүмкіндігін береді. АБР-ді пайдаланып қашықтықтан оқыту үлесі, оқыту контентін, сондай-ақ жалпы оқыту сағаты санынан тестілеуді қоса алғанда, кемінде 80% құрайды. Күндізгі нысанға кем дегенде 20%;

      6) қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін:

      - тьюторлар мен қашықтықтан оқытуды іске асыру жөніндегі қызметтердің болуы;

      - on-lіne режимінде консультациялар ұйымдастыру және өткізу;

      - off-lіne режимінде кері байланысты ұйымдастыру қажет. Оff-lіne режиміндегі оқу сабақтары өзара оқу іс-қимылы процесін көздейді, бұл жағдайда оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы синхронды жүзеге асырылады (бейнедәрістер, АБР жүйесіндегі тапсырмалар, электрондық пошта, оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмыс істеуі, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсырмаларын тапсыруы);

      - білім алушылардың оқудағы жетістіктерін on-lіne және off-lіne режимінде бақылау қажет.

      7) АБР оқудан өту аяқталғаннан кейінгі екі жыл ішінде білім беру процесінің барлық деңгейлерінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру нәтижелерін жинақтау және сақтау әдістері мен құралдарын ұсынады.

      8) Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша жиынтықтарды қамтиды.

      9) Міндетті жиынтық:

      пәннің мазмұнын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, ұсынылатын әдебиеттер (негізігі және қосымша) тізімін, пәндерді модульдерге бөлуді қамтитын силлабустан;

      дәрістердің электрондық конспектісінен және бейнедәрістерден;

      практикалық және семинар сабақтарының материалдарынан;

      білім алушының өзіндік жұмысына және білім алушының оқытушының басшылығымен орындалатын өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

      аралық бақылауды ұйымдастыру материалдарынан (бақылау жұмыстары, тестілеу тапсырмалары, жеке тапсырмалар);

      қорытынды бақылауды ұйымдастыру материалдарынан (тесттік емтихан тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);

      қашықтықтан консультациялар жүргізу кестесінен тұрады.

      10) қосымша жиынтықты оқу ұйымы дербес анықтайды;

      11) қашықтықтан оқытуды енгізетін білім беру ұйымында білім алушылардың деректер базасын (білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтар, білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы мәліметтер) қамтитын ақпараттық басқару жүйесі құрылады;

      12) қашықтықтан оқытуды іске асыратын оқу ұйымында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдауды жүзеге асыратын арнайы құрылымдық бөлініс құрылады;

      13) қашықтықтан оқытуды сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлініс қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, қашықтықтан оқытуға байланысты құжаттаманы жүргізеді, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыруды жоспарлайды;

      14) қашықтықтан оқытуды сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлініс электронды оқу басылымдарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуде консультативтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, білімді бақылаудың тестілеу жүйесіне және құралдарына әкімшілік етеді, қашықтықтан оқыту үшін ақпараттық ресурстарды пайдалану әдістемесін әзірлейді. Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне төрт сағаттан аспайтыңдай жоспарланады.

      Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланады.

      Бір күн ішінде автомобиль жүргізуді үйренушінің біреуіне:

      1) автотренажерде кемінде бір сағат;

      2) оқу автомобилінде "Лекте жүру" жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде пысықталатын, жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, кемінде екі сағат пысықтап үйретуге рұқсат етіледі.";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Қ. Баймұқашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады