"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22725 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16985 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер өтініш беруші бас тарту туралы шешімге сотқа шағым берсе, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені қызмет беруші бас тарту туралы шешімнің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қызметті берушіге қайта өтініш береді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.";

      21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:";

      3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министірінің
2021 жылғы 6 мамырдағы
№ 225 бұйрығына
қосымша
  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беруге
өтініштерді беру және қарау"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Облыстардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

"электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Кен іздеушілікке лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе қағидалардың тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 727-бабына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойылатын бонусты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде төлеуге міндетті
Қол қою бонусы:
1) берілген аумақтың ауданы 0,3 км2 – 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК));
2) берілген аумақтың ауданы 0,3– тен 0,5 км2-12 ( он екі) АЕК-ке дейін;
3) берілген аумақтың ауданы 0,5– тен 0,7 км2-ге дейін болғанда-15 (он бес) АЕК құрайды
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін;
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі– сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 17.30-ға дейін
2) портал арқылы жүгінген кезде – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1. Лицензия алу үшін:
1) кен іздеушілікке лицензия беру туралы өтінім;
2) өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса;
3) өтініш беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушіліктің учаскесінде өткізу жоспарланып отырған кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері мен тәсілдерін сипаттауды қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімінің электрондық көшірмесі;
5) егер өтініш беруші механикаландыру құралдарын кен іздеушілікке лицензияның қолданылуының бірінші жылы ішінде пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспарының электрондық көшірмесі.
Лицензия: жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген, лицензияның мерзімі ұзартылған; жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) кен іздеушілікке лицензияны қайта ресімдеуге өтінім.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың көзделген талаптарға сәйкес келмейді;
2) өтініш бергенге дейін 2 (екі) жыл ішінде өтініш берушіден кен іздеушілікке берілген лицензия қайтарып алынды;
3) өтініш берілгенге дейін екі жыл ішінде өтініш иесінің осы Кодекстің 276-бабының 3-тармағымен көзделген негіздер бойынша лицензиясы қайтарылып алынған болса;
4) сұралатын аумақ немесе оның бір бөлігі басқа тұлғаға берілген кен іздеушілікке лицензия бойынша жер қойнауы учаскесіне немесе Кодекстің 264-бабының 2-тармағына сәйкес кен іздеушілікке лицензия беруге тыйым салынған аумаққа жатады;
5) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде сұралған жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) қатысты өтініш берушіге бұрын берілген кен іздеушілікке арналған лицензия тоқтатылды;
6) сұралатын кен іздеушілік учаскесінің аумағы Кодектің 269-бабының талаптарына сәйкес келмейді.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы облыстардың,жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.egov.kz портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының анықтама қызметінен 1414 алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады