"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 мамырда № 22745 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20875 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында оорналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 5 мамырдағы № 128
Бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 145 бұйрығымен бекітілген

"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді .

      3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі .

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш береді.

      Өтініш берген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға (қағаз жеткізгіште):

      1) көрсетілетін қызметті алушының (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжат және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтардың транзиті туралы өтініш;

      2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының көшірмесі;

      3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;

      4) "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;

      5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері;

      6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат (3 данада).

      7) өтініш берушінінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама;

      8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі;

      9) қауіпті қалдықтардың паспорты;

      10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).

      Порталға:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының электрондық көшірмесі;

      3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың электрондық көшірмесі;

      4) Заңға сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының келісімінің электрондық көшірмесі;

      5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың электрондық көшірмелері;

      6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      7) өтініш берушінінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның электрондық көшірмесі;

      8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының электрондық көшірмесі;

      9) қауіпті қалдықтардың паспортының электрондық көшірмесі;

      10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаның электрондық көшірмесі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері (көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация олар келіп түскен күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жіберуді қамтамасыз етеді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге порталдың жеке кабинетіне жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттарды Базель конвенциясының 6-бабында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2 және 3-бөлімдерінде (бұдан әрі – Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу Ережесі), "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешімінің 1.2 және 2.3-қосымшаларында (бұдан әрі – ЕЭК Алқасының шешімі), Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 295-бабында (бұдан әрі – Кодекс), осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастырып, нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды береді, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықталу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Базель конвенциясының 6-бабында, Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2 және 3-бөлімдерінде, ЕЭК Алқа шешімінің 1.2 және 2.3-қосымшаларында, Кодексінің 295-бабында, осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

      9. Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік корпорация дайын құжаттардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін көрсетілетін қызметті алушы өз таңдауы бойынша Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа талап-арыз және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына шағым беруге құқылы.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      13. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес ұсынымдарды ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігіне
  ____________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болса),
заңды тұлға берген жағдайда
атауын көрсету қажет )
  ЖСН/БСН __________________
  Мекенжайы ________________
  Телефоны ___________________

Қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш

      __________________________________________________________________________

      (Т. А. Ә. ( бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы және оның басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

      ___________________________________________________________________ атынан

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызметтін көрсетуді сұраймын.

      Мен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға келісемін.

      Күні: "____" ___________20__жыл      Қолы: ______________________

      М.О.

      Ескертпе:

      Т. А. Ә. ( бар болса) – Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      М.О. – Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      ЖСН/БСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа
мүше мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат

1. а) Экспорттаушы (атауы, мекенжайы):

4. а) Хабарламаға

5. Жеткізудің сериялық №

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

сәйкес №


Факс:

4. б) Тасымалдау (2)

бір жолғы хабарлама бойынша

|_|




жалпы хабарлама бойынша

|_|


6. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы)

1. б) Қалдықтардыөндіруші (атауы, мекенжайы) (1):

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Өндіріс әдісі


Факс:

Байланыстыратын тұлға:

Тел.: Факс:

7. Орналастыру/пайдалану тәсілдері

Қалдықтар пайда болған объект:

D коды: (3)


R коды: (3)

2. Импорттаушы (атауы, мекенжайы):

Қолданылатын технология

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:


Жүгінген жөн:

Факс:


3. Жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы):

(егер қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

8. Сақтандыруға қатысты ақпарат: (тиісті сақтандыру талаптары туралы және экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты адам оларды қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

9. 1-тасымалдаушы (атауы, мекенжайы):

10. 2-тасымалдаушы (атауы, мекенжайы) (4)

11. Соңғы тасымалдаушы (атауы, мекенжайы)

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

12. Тасымалдау түрі (3):

13. Тасымалдау түрі (3):

14. Тасымалдау түрі (3):




Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

15. Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

16. Физикалық сипаттамалары (3)




17. Нақты мөлшері кг

18. Буып-түю түрі(лері) (3):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды




ҚХСҚ коды:



экспорт елінде

ҚЕК:



импорт елінде

басқалары (көрсету)



Кедендік код

21. БҰҰ-ның жіктеуі:


БҰҰ жүгінің атауы:

20. ЭЫДҰ жіктеуі (2) қызыл |_|


БҰҰ-ның нөмірі:

БҰҰ-ның сыныбы (3):

сары |_|





Н нөмірі (3):

жасыл |_|

және нөмірі



(егжей-тегжейлерін хабарлау)



Ү нөмірі:

22. Жұмыс істеуге қойылатын арнайы талаптар

23. Экспорттаушының (өндірушінің) мәлімдемесі: жоғарыда келтірілген 1-9 және 13-21-бағандардағы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісімшарттық міндеттемелер белгіленгендігін, қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін, Базель конвенциясының тараптары болып табылатын барлық мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарының тарапының қарсылығы алынбағандығын растаймын

24. Іс жүзіндегі жөнелту күні





Күні:

Қолы:


Атауы:

Орналастыру/пайдалану жөніндегі алушы/объект толтырады

25. Жеткізілімді алушы алды (егер бұл орналастыру/пайдалану объектісі болмаса)

27. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды орналастыру/пайдалану жүргізілгендігін растаймын

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

26. Жеткізілім орналастыру/пайдалану объектісінде алынды:


Алынған саны:

кг (л)

қабылданды (5)

|_|

Қолы және мөрі:

Күні:


бас тарту

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды орналастыру/пайдалану күні:


Орналастыру/пайдалану әдісі


Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға толтырады

28. Жеткізілімді қалдықтарды жоюға жауапты тұлға алды:

29. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды жою жүргізілетіндігін растаймын:

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

30. Жүк қалдықтарды жою объектісінде алынды:


Алынған сан:

кг (л)

қабылданды

|_|

Қолы мен мөрі:

Күні:


бас тарту (5)

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды жою күні:

Жою орнының іс жүзіндегі орналасуы:

Жою әдісі


      Ескертпе:

      М.О. – Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      Т. А. Ә. ( бар болса) – Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

      КО СЭҚ ТН – Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы

      Тел. – Телефон

      Факс – Телефон факс

      1- тасымалдаушы – бірінші тасымалдаушы

      2 тасымалдаушы – екінші тасымалдаушы

      ЭЫДҰ – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      ҚХСК коды – қалдықтардың халықаралық сәйкестендіру коды

      ҚЕК – қалдықтардың Еуропалық каталогы

      ЭЫДҰ сыныптамасы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыныптамасы

      БҰҰ нөмірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының нөмірі

      БҰҰ сыныптамасы – Біріккен Ұлттар Ұйымының сыныптамасы

      кг (л) – килограмм (литр)

      Ү нөмір, Н нөмірі – жіктеу бойынша қалдық түрінің коды

      D коды – Жою операциялары

      R коды – Рекуперацияға, рециркуляцияға, кәдеге жаратуға, тікелей қайта немесе баламалы пайдалануға әкелуі мүмкін операциялар

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
3-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама

1. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы):

4. Хабарлама, қатысты (1):

Хабарлама

N

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

А а) біржолғы тасымалдауға |_|

Б в) орналастыру |_|


Факс:

б) жалпы хабарламаға (бірнеше тасымалдау)

г) пайдалану |_|


Экспорт себебі:

В Бұрын рұқсат алынған объект



2. Импорттаушы (атауы, мекенжайы):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.: Факс:

5. Жалпы жоспарланған жеткізу мөлшері:

6. Қалдықтардың болжамды мөлшері (3): кг (л)



7. Жеткізу(лер)дің болжамды күндері немесе кезеңдері:

3. Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы) (2):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:


8. Болжанатын тасымалдаушылар (атауы, мекенжайы) (2)

9. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы):

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:

Тел.:
Факс:

11. Қалдықтарды өндіруші(лер)

Қалдықтарды пайдалану жөніндегі іс жүзіндегі объект

(атауы, мекенжайы) (2):

10. Орналастыру/пайдалану тәсілдері (2)

Байланыстыратын тұлға:

Тел.: Факс:

D коды/R коды (4):
Қолданылатын технология:


(егер бұл қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

12. Экспорттаушы және жоюға жауапты тұлға арасында жасалған келісімшарт туралы ақпарат

13. Жоюға жауапты тұлға экспорттаушыға немесе өндірушіге жіберетін ақпарат (кәсіпорынның техникалық сипаттауын қоса алғанда), оның негізінде соңғысы болжанатын жою экологиялық негізделген тәсілмен және импорттау елінің нормаларына және қағидаларына сәйкес жүзеге асуы мүмкін болатыны туралы қорытынды жасайды:


Қалдықтар пайда болған объект

14. Тасымалдау түрлері (4):

5. Буып-түю түрі(лері) (4):


16. Сақтандыруға қатысты ақпарат: (тиісті сақтандыру талаптары туралы және оны экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты тұлға қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

17. а) Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

17. б) Өтінішке қойылатын арнайы талаптар:




18. Физикалық сипаттамалары (4):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды


21. Ү нөмірі (4):

экспорт елінде:

ҚХСҚ:


импорт елінде:

ҚЕК:

22. Н нөмірі (4)

Кедендік код:

Басқалар (нақтылау)


20. ЭЫДҰ жіктеуі (1):
сары |_|
қызыл |_|
жасыл |_|

23. а) БҰҰ-ның сәйкестендіру N:

2 б) БҰҰ-ның сыныбы (4):

мен нөмірі



(егжей-тегжейлі сипаттамасын қоса беру)




24. Мүдделі елдер. Құзыретті органдардың код нөмірі және әкелу мен әкетудің белгілі бір пункттері:

Экспорт мемлекеті

Транзит мемлекеті

Импорт мемлекеті




25. Әкелу және/немесе әкету пунктінің кеден қызметтері

27. Өндірушінің (экспорттаушының) мәлемдемесі: осы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісімшарттық міндеттемелер белгіленгендігін және қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін растаймын.


Әкету пункті

26. Қосымшалар



саны

Атауы:

Қолы:



Күні:



Құзыретті органдар толтырады

28. Импорттаушы, транзиттеуші елдің құзыретті органы толтырады

29. Құзыретті органның тасымалдауға берген рұқсаты:

Хабарлама алынды:

Құзыретті органның атауы, мөрі және қолы

Растау жіберілді:


Құзыретті органның атауы:

Рұқсаттың қолданылу мерзімі: дейін

Мөрі және/немесе қолы:

Айрықша шарттар:


иә








жоқ



      Ескертпе:

      М.О. – Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      Т. А. Ә. ( бар болса) – Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

      КО СЭҚ ТН – Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы

      Тел. – Телефон

      Факс – Телефон факс

      1- тасымалдаушы – бірінші тасымалдаушы

      2 тасымалдаушы – екінші тасымалдаушы

      ЭЫДҰ – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      ҚХСК коды – қалдықтардың халықаралық сәйкестендіру коды

      ҚЕК – қалдықтардың Еуропалық каталогы

      ЭЫДҰ сыныптамасы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыныптамасы

      БҰҰ нөмірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының нөмірі

      БҰҰ сыныптамасы – Біріккен Ұлттар Ұйымының сыныптамасы

      кг (л) – килограмм (литр)

      Ү нөмір, Н нөмірі – жіктеу бойынша қалдық түрінің коды

      D коды – Жою операциялары

      R коды – Рекуперацияға, рециркуляцияға, кәдеге жаратуға, тікелей қайта немесе баламалы пайдалануға әкелуі мүмкін операциялар

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
4-қосымша

"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі – "портал").

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, бастап, сондай – ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының Қорытындысы, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақысыз негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00- ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары: Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz.
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Өтініш берген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға (қағаз жеткізгіште):
1) көрсетілетін қызметті алушының (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжат және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтардың транзиті туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжат;
3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының көшірмесі;
4) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;
5) "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;
6) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері;
7) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат.
8) өтініш берушінінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама;
9) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі;
10) қауіпті қалдықтардың паспорты;
11) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).
Порталға:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының электрондық көшірмесі;
3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың электрондық көшірмесі;
4) Заңға сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының келісімінің электрондық көшірмесі;
5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың электрондық көшірмелері;
6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
7) өтініш берушінінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның электрондық көшірмесі;
8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының электрондық көшірмесі;
9) қауіпті қалдықтардың паспортының электрондық көшірмесі;
10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаның электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықталу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Базель конвенциясының 6-бабында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2 және 3-бөлімдерінде, "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешімінің 1.2 және 2.3-қосымшаларында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 295-бабында, осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: gov4c.kz.
2) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы - 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндігі бар.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
5) Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілігі болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды.

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидасына
5-қосымша
  Нысан

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы Қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының №___ бөлімі ( мекенжайын көрсету), Қағида қарастырылған тізбеге сәйкес, ________________________құжаттардың толық пакетінің болмауына байланысты, және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Болмаған құжаттардың атауы:

      1) __________________________________

      2) __________________________________

      3) __________________________________

      Осы қолхат әрбір тарап үшін біреуден, 2 данада жасалды.

      ___________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация                  ( қолы)

      Қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Алдым:_____________________________________/______________________

      Т. А. Ә. ( бар болса) / көрсетілетін қызмет алушының қолы

      "___" _________ 20__жыл

      Ескертпе:

      Т. А. Ә. ( бар болса) – Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
6-қосымша
  Нысан

ҚОРЫТЫНДЫ (рұқсат беру құжаты) № _________/202/_____

      __________________________________________________________________________

      (Қорытынды берген Еуразиялық экономикалық одаққа одағына мүше мемлекеттің
мемлекеттік билік органының атауы)

      Берілді____________________________________________________________________

      (Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, елі/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде )

      Орнын ауыстыру түрі ______________________________________________________

      (орнын ауыстыру түрі)

      __________________________________________________________________________

      (Бірыңғай тауарлар (Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің
Тауар номенклатурасы коды) тізбесінің бөлімі)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші ___________________________________________________________

      (Атауы, заңды мекенжайы, елі)

      __________________________________________________________________________

      Баратын/жіберетін елі _______________________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты ______________________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі ______________________________________________

      Негіздеме: ________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Транзиттеу елі ____________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзиттеу)

      __________________________________________________________________________

      Қолы ____________ күні _______

      Рұқсат _________________ дейін қолданылады      _____________________________

      Т.А.Ә. (бар болса)

      __________________                              _____________________________

      М.О.                                          (Лауазымы)

      Ескертпе:

      М.О. – Мөр орны

      Т. А. Ә. ( бар болса) – Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады