Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 177/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 мамырда № 22805 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Каржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 177/НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;

      2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;

      3) төлемақы төлеушілер – "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын алған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын заңды тұлғалар.

2-тарау. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібі

      3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем сомасы, сондай-ақ 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 602-бабының 1-тармағына сәйкес төлеушілердің электр байланысы (телекоммуникация) қызметтерін көрсетуден алдыңғы жылғы табыстарын және төлемақы ставкаларын негізге ала отырып есептелетін қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 қаулысымен бекітілген ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем сомасы (бұдан әрі – Төлемақы мөлшерлемелері) бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындаудың шарты болып табылады.

      4. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін есептеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      P = D х 1,3992 %,

      онда:

      Р – қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы сомасы;

      D – байланыс операторларының алдыңғы күнтізбелік жыл үшін электр байланысы (телекоммуникация) қызметтерін көрсетуден түскен кірісі;

      1,3992 % - төлем мөлшерлемесі;

      2) субсидиялар сомасы тиісті кезеңге (күнтізбелік жылға) бюджеттік өтінімді қалыптастыру жолымен айқындалады;

      3) республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынған үшін төлемақы сомасы мен бюджеттік өтінімде қалыптастырылған субсидиялар сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      5. Егер қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін байланыс операторларынан түсетін төлем сомасы төлемақы сомасына қосымша республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасынан, сондай-ақ нақты көрсеткіштерден (жергілікті телефон байланысы абоненттерінің, Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтерінің, пошта байланысының әмбебап қызметтерінің саны) асып түскен жағдайда, бюджеттік субсидиялардан экономикалық тиімділік оң болып табылады.

      6. Егер қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін байланыс операторларынан түсетін төлемақы сомасына қосымша республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасынан төмен сома, сондай-ақ нақты көрсеткіштер (жергілікті телефон байланысы абоненттерінің, Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтерінің, пошта байланысының әмбебап қызметтерінің саны) жоспарланғаннан төмен болған жағдайда, бюджеттік субсидиялардан экономикалық тиімділік теріс болып табылады.

  Бюджеттік субсидияларадың
экономикалық әсерін айқындау
қағидаларына қосымша
  Нысан

Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін есептеу

      ____________________________________________________

      бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Кезең

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы сомасы, мың теңге

Субсидия сомасы, мың теңге

Төлемақы сомасына қосымша республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасы (мың теңге)

Республикалық бюджеттен салым, %
100-(3-баған / 4-баған х 100)

Байланыс операторларының кірістерінен республикалық бюджетке түсетін түсімдер, %
3-баған х 100 / 4-баған

Экономикалық тиімділік (жергілікті телефон байланысы абоненттерінің, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің, пошта байланысының әмбебап қызметтерінің саны)

Экономикалық тиімділік, %
9-баған / 8-баған х 100 - 100

план

факт


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










2










3










4











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады