Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22897 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 398-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. "Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 261 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14029 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және табиғи ресурстар
      министрдің м.а. С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ 167 Бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістеме

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 398-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Кодекс) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) диспергенттер – беткі-активті заттар мен еріткіштердің қоспасы, олар мұнай дағының табиғи процестердің әсер етуінен бұзылғанға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік береді;

      2) диспергенттердің уыттылығы – стандартты зертханалық жағдайларда диспергенттердің теңіздегі және ішкі су айдындарындағы организмдерге зиянды әсерін бағалау;

      3) диспергенттердің тиімділігі – стандартты зертханалық жағдайларда мұнайдың төгілуін жою үшін диспергентті қолдану нәтижесінде теңіз суында және ішкі су айдындарының суында таралатын мұнайдың бақылау үлгісінің мөлшерін бағалау;

      3. Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау уыттылығы мен тиімділігі туралы деректер негізінде Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілетін диспергенттердің түрлерін анықтау үшін қажет.

2-тарау. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау

      4. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      Осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес тізбеге енгізу мақсатында зертханалық жағдайларда көрсеткішін көрсететін, Қазақстан Республикасының теңізіне, ішкі су айдындарына және сақтандыру аймағына мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін қолданылатын диспергенттердің тиімділігін тестілеу нәтижелері бойынша.

      Диспергенттің тиімділік шегі қырық немесе одан да көп болған кезде тиімді деп саналады.

      5. Диспергенттердің уыттылығын айқындау стандартты зертхана жағдайларында диспергенттердің теңіздегі және ішкі су айдындарындағы организмдерге зиянды әсерін бағалау үшін қажет.

      6. Диспергенттің уыттылық тексерісінен өткенін растау диспергенттің уыттылық тексерісінен өткені туралы деректер (өнімнің қауіпсіздік паспорты немесе сертификаты) болып табылады.

      7. Диспергенттің әсері кезіндегі мұнайдың уыттылығы және диспергирленген мұнайдың биотаға ықтимал әсері Кодекстің 398-бабының 10-тармағына сәйкес мұнайдың төгілуі кезінде диспергентті қолданудан түскен жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу кезінде бағаланады және қаралады.

      8. Диспергенттердің тиімділігін айқындау стандартты зертхана жағдайында мұнайдың төгілуін жою үшін мұнайдың теңізге төгілуін жоюға арналған диспергентті қолдану нәтижесінде теңіз суында және ішкі су айдындарында ыдырайтын мұнайдың бақылау үлгісінің мөлшерін бағалау үшін қажет.

      9. Диспергенттердің тиімділігін айқындау үшін мұнайдың бақылау үлгісі – Қашаған кен орнының бензинді мұнайы пайдаланылады.

      10. Диспергенттердің тиімділігін тестілеу "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен диспергенттердің тиімділігін тестілеу мұнай және/немесе мұнай өнімдері саласындағы аккредиттелген сынама зертханаларда жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасының
сақтық аймағындағы теңізде,
ішкі су айдындарында
мұнайдың авариялық төгілуін
жоюға арналған диспергенттер
тізбесіне енгізу үшін
диспергенттерді айқындау
жөніндегі әдістемесіне қосымша

Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тиімділігін тестілеу

      1. Өлшеу құралдары, қосалқы құрылғылар, химиялық реактивтер мен материалдар.

      Кез келген түрдің спектрофотометрі оптикалық кюветтерде оптикалық тығыздығын өлшеуге мүмкіндік беретін, қалыңдығы 10 миллиметр (бұдан әрі – мм) қабатын сорып алады, жақын ультракүлгін және көрінетін облыстарында спектр кезінде толқын ұзындығы 420 немесе 580 нанометр.

      Сыйымдылығы 5, 10 текше сантиметр (бұдан әрі – см3) дәлдіктің 2 класындағы градуирленген тамшуырлар, МЕМСТ 29227.

      Сыйымдылығы 5, 10 см3 талдамалық шприцтер.

      Сыйымдылығы 50, 100, 250 см3, МЕМСТ 1770 дәлдіктің 2 класындағы өлшеу цилиндрлері.

      Сыйымдылығы 100 см3 өлшеуіш колбасы.

      Секунд өлшеуіш, МЕМСТ 5072.

      Талдамалық зертханалық таразы, кез-келген түрі, екінші санатты дәлдік, МЕМСТ 24104.

      Сыйымдылығы 100 см3 бөлікті құйғыш.

      Сыйымдылығы 250 см3 конус пішінді бөлікті құйғыш, келесі сипаттамасына тиісті (сурет):

      атаулы сыйымдылық -250 см3;

      дене биіктігі, h1– 185 мм;

      дене диаметрі, d1– ең көбі 83 мм;

      дене қабырғасының қалындығы, s – ең кемі 1,2 мм;

      баған диаметрі, d2 –12,5 ± 0,5мм;

      баған ұзындығы, h2 –70 ± 10мм;

      шүмектің атаулы өткізгіштігі – ең кемі 3 мм;

      тығын өлшемі (ISO 383) – к6 сериялы;

      колба денесі мен шүмек арасындағы түтікше ұзындығы, h3 – ең көбі 20 мм;

      түтікше қабырғасының ұзындығы (ыдыстың дөңестігі мен шүмек арасында), h3– ең кемі 1,5 мм.

      250 мл теңіз суымен толтырған кезде су деңгейі мен конус пішінді бөлікті құйғыштың айналу білігі арасындағы қашықтық 15-20 мм болады.



      Сурет. Сыйымдылығы 250 см3 конус пішінді бөлікті құйғыштың сипаттамасы

      2. Көмекші құрылғылар

      Пішінді бөлікті құйғыштардың жетектімен айналмалы сілкуге арналған құрылғы (әрі қарай –құрылығы) келесі сипаттамасына тиісті:

      сыйымдылығы 250 см3 екі пішінді бөлікті құйғыштардың тіркеу үшін көлденең көлбеу білігін және көлбеу білігінің айналасында минутына айналымы 33+1 жылдамдықпен құйғыштың жоғарғы шетінен шамамен 80 мм төмен бұрыла алатын құрылығыны орнату;

      пішінді бөлікті құйғыштарды колбаны көлбеу біліктің айналасында сыйымдылығы 250 см3 пішінді бөлікті құйғышы теңіз суы деңгейінен шамамен 15-20 см3 төмен айналдыруы қажет.

      Көлбеу білік қалпының айтарлықтай өзгеруі және көлбеу білік айналасындағы бірқалыпты қозғалыстан басқа сыйымдылығы 250 мл пішінді бөлікті құйғышыдағы кез-келген козғалыс нәтижелерге әсер етуі мүмкін.

      Күлсіздендірілген қағаз сүзгі d=9 сантиметр.

      3. Химиялық реактивтер мен материалдар

      Натрий сульфаты, МЕМСТ 21458-75

      Хлороформ, МЕМСТ 20015-88

      Қатты бөлшектерінің жалпы құрамы 12-13 килограмға грамм (бұдан әрі – г/кг) болатын Каспий теңізінен алынған теңіз суы. Синтетикалық теңіз суын да қолдануға рұқсат етіледі.

      Келесі сипаттамалары бар мұнайдың бақылау үлгісі:

      5оC температурадағы динамикалық тұтқырлық;

      5 градус Цельсий (бұдан әрі – 0C) кезіндегі динамикалық тұтқырлық;

      25оC температурадағы динамикалық тұтқырлық;

      25оC температурадағы тығыздық.

      4. Сыйымдылығы 250 см3 пішінді бөлікті құйғышты пайданалар алдында алдын-ала су құбырының суымен жуады, сонан соң оның ішіне шамамен 1/2 көлемде қойылтылған күкіртқышқылы құйылады және оның бүкіл ішкі беті мұқият жуылады, сонан соң арнайы ыдысқа төгіледі. Сыйымдылығы 250 см3 пішінді бөлікті құйғышты қышқылмен өңдегеннен кейін су құбырының суымен жуады (5 рет кем емес) және дистильденген сумен түпкілікті шаяды (2-3 рет), сонан соң бөлме температурасында кептіреді. Сыйымдылығы 250 см3 кептірілген пішінді бөлікті құйғышты 2-3 рет кем емес хлороформмен жуады.

      Құрылғыны жұмысқа дайындау және өлшеу шарттарын оңтайландыру оны пайдалану бойынша жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

      5. Сыйымдылығы 100 см3 бөлу құйғыштарына мұнайдың дәл өлшенген бақылау үлгісінде 0,1; 0,2; 0,3; 0,4 және 0,5 грамм (бұдан әрі – г) бойынша орналастырады, содан кейін сыйымдылығы 100 см3 әрбір бөлу құйғышына 50 мл хлороформ қосады және мұнай ерігенше мұқият араластырады. Көлемі хлороформмен белгіге дейін жеткізіледі, сыйымдылығы 100 см3 болатын бөлгіш құйғыштарды тығынмен жабады және жақсылап араластырады.

      6. Хлороформ экстрактысының оптикалық тығыздығын 580 нм жағдайда сіңдіру қабатының қалыңдығы 10 мм сауыттарда ерітіндіні салыстыру қатысты спектрофотометрпен өлшейді. Бақылау ерітіндісі ретінде хлороформды пайдаланады.

      7. Градуирлеу кестесі оптикалық тығыздық – 100 мл хлороформ ерітіндісіндегі мұнайдың бақылау үлгісінің концентрациясы координаттарында құрылады. Градуирлеу кестесі – түзу сызықты.

      8. Сыйымдылығы 250 см3пішінді бөлікті құйғышқа 5 + 0,5 оC немесе 25 + 0,5оC температурада 250 мл теңіз суын қосады. Осы температуралық режимді бүкіл талдау кезеңінде жұмыстар жүргізу арқылы бақыланатын температурасымен тиісті камерада ұстап отырады.

      9. Сыйымдылығы 250 см3 конустық бөлгіш құйғыш құрылғыға орналастыру. Тығыны ашық қалдырылады.

      10. Шприц көмегімен теңіз суының бетіне 5 мл мұнайдың бақылау үлгісін қосады. Мұнайдың бақылау үлгісінің массасын анықтау үшін шприц пайдаланғанға дейін және пайдаланғаннан кейін өлшенеді.

      11. Секунд өлшеуіш іске қосылады және мұнайдың бақылау үлгісін бір минут бойы теңіз су бетінде қалдыру керек.

      12. Мұнайдың бақылау үлгісін бетіне 0,2 мл диспергент шприц көмегімен қосады. Біркелкі бөлу үшін диспергентті тамшылап құяды, мұнайдың бақылау үлгісі нүктесінің ортасынан бастап және орталықтан біртіндеп радиалды түрде кетеді. Сыйымдылығы 250 см3 конустық бөлгіш құйғыш тығынмен тығыз жабылады.

      13. Мұнайдың бақылау үлгісін теңіз суына қосқан сәттен бастап 2 минут 30 секундтан кейін конустық бөлгіш құйғыштың айналуы қондырғыда минутына 33±1 айналым кезінде 2 минут ішінде басталады.

      14. Қондырғыны сыйымдылығы 250 см3 конустық бөлгіш құйғышты тік қалпында болатындай етіп тоқтатылады. Сыйымдылығы 250 см3 конустық бөлгіш құйғыш және оның ішіндегісі қозғалыссыз қалыпта дәл 1 минутқа қалдырады. Содан кейін тығын алынып, сыйымдылығы 250 см3 болатын конустық бөлгіш кран арқылы цилиндрге 50 мл құрамында мұнайы бар су құйылады. Суды төгуге қажетті уақыт 10 секундтан аспауы керек.

      15. Мұнайы бар суды цилиндрден сыйымдылығы 100 см3 бөлгіш құйғышқа құяды. Цилиндрді 10 мл хлороформмен екі рет мұқият жуып, ішіндегісін сол бөлгіш құйғышқа аударып құяды. Содан кейін құйғыш тығынмен жабылады және фазалар толық бөлінуіне дейін 1 минут бойы шайқалады. Содан кейін пайда болған хлороформ қабаты сыйымдылығы 100 см3 болатын бөлгіш құйғышқа сүзіледі. Сүзу қағаз сүзгіші арқылы жүзеге асырылады, оған салмағы 1,5 г сусыз натрий сульфатының ілмегі қосылады.

      16. Әр жағдайда 20 мл хлороформды пайдалана отырып, судан хлороформмен мұнай экстракциясын тағы екі рет қайталау. Сүзгі мен натрий сульфаты 20 мл хлороформмен жуылады, содан кейін сыйымдылығы 100 см3 өлшеуіш колбадағы көлемді 100 мл белгіге дейін жеткізіледі. өлшеу колбаны тығынмен жабады және жақсылап араластырады.

      17. Хлороформ сығындысының оптикалық тығыздығы 580 нм толқын ұзындығындағы спектрофотометрмен хлороформ ретінде қолданылатын салыстыру ерітіндісіне қатысты 10 мм сіңіру қабаты бар оптикалық кюветтерді қолдана отырып өлшенеді. Калибрлеу кестесін қолдана отырып, олар теңіз суының 50 мл сынамасындағы мұнай массасын табады. Үш параллелдік өлшеулері орындалады.

      18. Тиімділік көрсеткіші (E) келесі формуламен есептеледі:

      m *500

      Е = --------------- %

      M

      Мұндағы m – құрамында мұнайы бар 50 мл судағы мұнайды бақылау үлгісінің массасы;

      М – тест үшін алынған мұнайдың бақылау үлгісінің жалпы массасы.

      Алынған тиімділік көрсеткіші үш жеке нәтиженің орташа мәні болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады