БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 531 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленді, дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі - субъектілер) бухгалтерлік есепті "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың қолданысы:
1) Заңға сәйкес Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент Сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстанның Даму Банкі;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленетін мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер) бас бухгалтер немесе халықаралық және ұлттық стандарттарға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен қаржылық есептіліктің жасалуын қамтамасыз ететін басқа лауазымды тұлға болып табылады.
Бас бухгалтерді субъекті басшысы тағайындайды және лауазымынан босатады және субъекті басшысына тікелей бағынады.
Бас бухгалтердің лауазымына "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) бекітілген, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін тұлға тағайындалады. Жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.
Лауазымға тағайындау жазбаша нысанда ресімделеді.
Бас бухгалтердiң талаптары бухгалтерлiк қызметке құжаттар мен мәлiметтерді тиісті ресімдеу және уақтылы ұсыну бөлігінде субъектiнiң барлық бөлiмшелерi үшін мiндеттi болып табылады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Субъектінің бөлімшелері арасында активтердің қозғалысын есепке алу үшін нысандары "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" № 562 Бұйрықпен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген (бұдар әрі – 562-бұйрық) ішкі орнын ауыстыруға арналған жүкқұжат қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде "Ішкі өткізу" нысаны немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімделген жағдайда қорларды ішкі өткізуге арналған жүкқұжатты жасау (ресімдеу) талап етілмейді.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қорлардың өткізілуін есепке алу үшін нысаны 562-бұйрықпен бекітілген, қорларды шетке беруге арналған жүкқұжаты қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімделген жағдайда қорларды шетке беруге арналған жүкқұжатты жасау (ресімдеу) талап етілмейді.".
2. "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 3-тармағына, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 2-тармағына, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру тәртібін анықтайды.";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған ЭШФ АЖ модулі (бұдан әрі – Модуль)";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. ЭШФ "Алушының деректемелері" С бөлімінде:
1) "ЖСН/БСН" деген 16-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі (жол толтыруға жатады).
Егер "Алушының санаты" деген 20-жолдың "Резидент емес" Ғ немесе "Бөлшек сауда" деген "I" торкөзі белгіленсе, бұл жол толтыруға міндетті болып табылмайды;
2) "Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН" деген 16.0-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН немесе заңды тұлғаның татратылған құрылымдық бөлімшелерінің БСН немесе заңды тұлғаның татратылған құрылымдық бөлімшелерінің БСН көрсетіледі;
3) "Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН" деген 16.1-жолда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кезде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі;
4) "Алушы" деген 17-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы көрсетіледі (жол толтыруға жатады):
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), егер "Алушының санаты" деген 20-жолда "Бөлшек саудада өткізу" деген "I" торкөзі белгіленген жағдайда, бұл жол толтыру үшін міндетті болып табылмайды;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты не жеке практикамен айналысатын адамдардың – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшені) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігіндегі дәстүрге, оның ішінде іскерлік айналымдағы дәстүрге сәйкес аббревиатуралар пайдаланылуы мүмкін;
5) "Қатысу үлесі" деген 17.1-жолда бірлескен қызметке қатысу үлесі көрсетіледі. Бұл жол "Жеткізушінің санаты" деген 20-жолда "D" деген ұяшықты белгілеген жағдайда толтырылуы мүмкін;
6) "Орналасқан орнының мекенжайы" деген 18-жолда Салық кодексінің 74-бабы 7-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының орналасқан жері көрсетіледі. Орналасқан жерінің мекенжайы туралы ақпараттар болмаған жағдайда, жол толтырылмай қалдырылады оны қолмен толтыру құқығы болмайды (жеке тұлғаның атына ЭШФ жазып берген жағдайда, жол толтыру үшін міндетті емес);
7) "Ел коды" деген 18.1-жолда "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – КОК-ның №378 шешімі) бекітілген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі (Шешімге 22-қосымша).
Аталған жол тауарды экспортқа өткізген кезде немесе бір заңды тұлға шегінде тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге беруге (жылжытуға) байланысты толтыруға жатады, басқа да жағдайларда "KZ" автоматты түрде толтырылады.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттардың деректемелері" F бөлімде "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжат" деген 32-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі, "Нөмірі" деген 32.1 және "Күні" деген 32.2-жолдардан тұрады (егер 32.1 немесе 32.2-жолдардың бірін толтырған жағдайда, онда аталған жолдың екіншісі толтырылуы тиіс).
"Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген) сәйкес ТІЖ ресімдеу қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ жазып берген кезде, "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген ашық жолда:
1) ЭШФ АЖ тіркелген ТІЖ нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік сатып алу бойынша тауарды жеткізу кезінде – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес құжаттың нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. "Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші және тауарларға ілеспе жүкқұжаттің №, ТС-1 немесе ТС-KZ" деген 15-бағанда:
1) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүше мемлекет болып табылмайтын, мемлекеттерден әкелінетін және "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне жататын тауарларды өткізген жағдайда, тауарларға арналған декларацияның 20 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте тауарларға арналған декларацияның әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);
2) ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне жататын тауарларды өткізген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің 18 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);
3) "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың 42 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың әртүрлі нөмірлері бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G бөлімінің жекелеген жолдарында көрсетіледі);
4) Қазақстан Республикасының аумағынан "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "3" Белгісіне жататын тауарлар экспортталған жағдайда тауардың шығарылған жері сертификатының 13 мәнді тіркеу нөмірі (ТС-1) көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауардың шығарылған жері сертификатының әртүрлі нөмірі бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);
5) "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "3" Белгісіне жататын еркін экономикалық аймақ немесе еркін қоймалар аумағында өндірілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан эскпортталған жағдайда, тауардың шығарылған жері сертификатының 11 мәнді тіркеу нөмірі (ТС- KZ) көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауардың шығарылған жері сертификатының әртүрлі нөмірі бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі).
Осы бағанда "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2", сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекетке тауарлардың экспорты кезінде "3" Белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтырылады.
Бұл ретте, "2" Белгісіне жататын тауарлар бойынша аталған баған 2019 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті толыруға жатады.
Модуль арқылы өткізілетін тауарлар бойынша аталған бағанда автоматты түрде толтырылады.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Жеткізіп беруші осы Қағиданың 89-тармағында көзделген есептердің біреуін қолданатын "Алушының деректемелері" С бөлімінде:
"Алушы" деген 17-жолда – "Жеке тұлға" (бұл жол автоматты түрде толтырылады);
"Орналасқан жерінің мекенжайы" деген 18-жолда – "Бөлшек сауда" (бұл жол автоматты түрде толтырылады) деп көрсете отырып, жеке жолдарды толтыра отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күнде барлық айналымға ЭШФ жазып беруге құқылы;
"Алушының деректемелері" С бөлімінің "Алушының санаты" деген 20-жолының "I" торкөзіне – белгі қойылады.
Қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазып беріледі.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"ЭШФ АЖ жазып берілген және тіркелген, оның ішінде кері қайтарып алынған, күші жойылған және бас тартылған ЭШФ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдер ішінде мемлекеттік органның ЭШФ АЖ-да сақталады.";
электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар:
өкілетті (оператор) – Қазақстан Республикасының шот-фактуралар жөніндегі салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын және өнімді бөлу туралы шарттың немесе келісімнің (келісімшарттың) негізінде әрекет ететін заңды тұлға;
уәкілетті жеке тұлға – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесінде құжат айналымы процесінде осындай заңды тұлғаның атынан сенімхат негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың атынан электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактура қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері. Бұл ретте электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактура қолтаңба құқығы тек заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) атынан беріледі;
электрондық құжат – электрондық-цифрлық нысанда ақпарат табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына және салық заңнамасы нормаларының тиісті талаптарына сәйкес ЭШФ АЖ арқылы жазып берілетін құжат;
электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды жазып беру, жіберу, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылады;
ЭШФ АЖ қатысушы – ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-да тіркелген адам;
ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын мемлекеттік орган.
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактуралардың нысаны.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактуралардың нысаны:
G бөлім. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер мынадай редакцияда жазылсын:
""G" бөлімі – "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер"
№ р/с | Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу тегінің белгілері | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарларға Декларациясына немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы | Тауар коды (ЕАЭО СЭҚ ТН) | Өлшем бірлігі | Саны (көлемі) | Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф) |
1 | 2 | 3 | 3/1 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Шот бойынша барлығы |
Жолдың жалғасы
Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны | Акциз | Өткізу бойынша айналым мөлшері | НДС | ||
Мөлшерлемесі | Сомасы | Мөлшерлемесі | Сомасы | ||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Жолдың жалғасы
Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны | Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, тауарларға ілеспе жүкқұжат №, ТС-1 немесе ТС-KZ | Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштен тауар позициясының нөмірі | Тауарлар индентификатор, жұмыстар бойынша, көрсетілетін қызметтер | Қосымша деректер |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
.";
3. "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі осы тізбеге сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларында және олардың құжат айналымында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларында және олардың құжат айналымы (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 176-бабына, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда – тауарларды соңғы тұтынушыға сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметінің түрі.
Бұл ретте соңғы тұтынушы деп – тауарды (ларды) кәсіпкерлік қызметпен және жеке практикамен айналысатын тұлғалармен жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй ішінде және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін оларды сатып алатын, сататын жеке тұлға деп түсініледі;
2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;
3) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валюталары, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
4) тауардың ID – виртуалды қоймадағы тауарлар үшін автоматты түрде жинақталатын сәйкестендіргіш.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өнім беруші (әкелу кезінде – алушы) ТІЖ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) "Виртуалды қойма" модулі арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімдейді, электрондық шот- фактураларға қол қою үшін және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылады.
Салық төлеуші ТІЖ қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:
1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда ресімделеді.
Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) интернет-ресурсында орналастырылады;
2) ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында ЭШФ АЖ-да техникалық қателіктер себебінен ТІЖ ресімдеудің мүмкін болмауы расталған жағдайды қоспағанда, ТІЖ электрондық нысанда жазып беріледі.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін өнім беруші (әкелген кезде – алушы) қағаз жеткізгіште ресімдеген ТІЖ техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізуі тиіс.";
10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. ТІЖ мынадай жағдайларда рәсімделмейді:
1) жеке тұлғаға бөлшек саудада тауарларды өткізу кезінде;
2) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6, 7, 7-1-тармақтарына сәйкес өткізілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" номенклатуралық (тізімен) сәйкес қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) кезінде;
3) алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында өткізу кезінде ТІЖ ресімделмейді.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ТІЖ алушы ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ны тіркеген күннен кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде электрондық шот-фактураларға қол қою үшін және Заңда айқындалған тәртіппен ЭЦҚ-мен қол қойылған расталған немесе қабылданбаған ТІЖ-ын ЭШФ АЖ арқылы ұсынуға міндетті. ТІЖ ұсынылмаған не уақытылы ұсынылмаған жағдайда алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Алушының ТІЖ алғаны туралы растауы мынадай жағдайларда:
1) тауарларды экспортқа өткізген кезде;
2) тауарларды дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаға өткізген кезде;
3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетіндерден басқа) өткізу кезінде:
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады;
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайды;
ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкес бөлшек сауда қызметінің түріне сәйкес келеді;
деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданады.
Мұндай салық төлеуші ТІЖ ресімдеу кезінде алушының санатына автоматты түрде "Шағын сауда нүктесі" белгісі қойылады.
Осы тармақтың ережесі шегінде ЕАЭО кедендік тек арасының участкілеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы тауарларды өткізуге қолданылмайды;
4) тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде;
5) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген алушылардың атына ТІЖ ресімдеу кезінде;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрамында алтыны бар өнімді өткізу, өткізу кезінде талап етілмейді.".
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2025 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Бұйрықтар тізбесіне қосымша | |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына 1-қосымша |
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі
№ | Тауардың атауы | Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні |
1. | Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын | 2021 жылғы 1 қазан |
2. | Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі | 2021 жылғы 1 қазан |
3. | Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері | 2021 жылғы 1 қазан |
4. | Өндірілуі мен айналымы "Заңымен" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері | 2021 жылғы 1 қазан |
5. | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне енгізілген (осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілгеннен басқа) тауарлар | 2022 жылғы 1 тамыз |
6. | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар | 2021 жылғы 1 қазан |
7. | Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар | 2021 жылғы 1 қазан |
8. | Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар | 2022 жылғы 1 тамыз |
9. | Виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар | 2022 жылғы 1 тамыз |