"Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 364 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22963 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 364 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15901 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқа санаттағы жерді орман қорының жеріне ауыстыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ені 10 метр және одан да көп, алаңы 0,05 гектар және одан да көп табиғи және (немесе) жасанды жолмен өскен ормандар көмкерген басқа санаттағы жерлер мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауыстырылуы, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға орман шаруашылығының мұқтаждары үшін, оның ішінде орман өсіру мақсаттары үшін тұрақты жер пайдалануға берілетін орман емес жерлер ауыстырылуы мүмкін;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Басқа санаттардағы жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган қаулы қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны мынадай құжаттарды қоса бере отырып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға жібереді:

      1) учаскені таңдау туралы акт;

      2) орман мекемесі басшысының жазбаша келісімі;

      3) орман мекемесі қарамағындағы мемлекеттік органның жазбаша келісімі;

      4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімі;

      5) комиссияның оң қорытындысы;

      6) басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының көшірмелері.";

      14-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Экология, геология және табиғи
      ресурстар министрі М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады